Ақтаулық ұландықтар волейболдан чемпион атанды
26 Января 2026 (16:48) | 505
|
Автор: Редакция
Ақтөбе қаласында 20–23 қаңтар күндері волейболдан ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті. Дәстүрлі додаға өңірге қарасты алты әскери бөлімнен 50-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Үш күнге созылған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарыс тартысқа толыболды. Әр команданың ойыншылары жеңіс үшін барын салып, алаңда шынайы спорттық мінез бен жауынгерлік рух көрсете білді. Әсіресе шешуші кездесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарысты ұйымдастырушы, подполковник Бахтияр Қалдыбековтің айтуынша, мұндай спорттық шаралар әскери қызметшілердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, бөлімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақтау қаласынан келген 6656 әскери бөлімінің командасы қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Екінші орынды Орал қаласының 5517 әскери бөлімінің спортшылары иеленсе, жүлделі үшінші орын жергілікті Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінің командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталып, үздік ойыншыларға алғыс білдірілді. Бұл жарыс ұландықтар арасындағы бұқаралық спортты дамытуға серпін берген маңызды дода болды.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz






