Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?
Курс валют в Актау
на 02/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
2 Марта, 16:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

21 Декабря 2023 (12:08) | 4040 | Автор: Редакция

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.

 

 

2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгені құрайды, яғни дербес төлеушілер ай сайын 3 500 теңге жарна төлейді (1 ЕТЖ-ның 5%) - немесе жылына 42 000 теңге. Банктер осы соманы ағымдағы жылдың соңына дейін алдағы 12 айға жарналар ретінде қабылдайды. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге дейін өсетіндіктен, бұл төлем 51 000 теңгеге дейін ұлғаяды.

 «Сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен немесе алдағы 12 айларға төлем болу керек. Екінші жағдайда төлеушілер алдағы жылға мәртебе алады. Яғни, қазір алдағы бір жылға сақтандырылу үшін 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі аралыққа жарналар төлеп шығу керек», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалында.

Осылайша, 2023 жылдың желтоқсан айында сақтандырылған мәртебесін алған дербес төлеушілер 9 000 теңге үнемдей алады. Қазақстандықтар үшін МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері туралы толығырақ мынажерден біле аласыз.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

•         fms.kz ресми сайты

•         Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

•         1414 байланыс орталығы

•         Damumed мобильді қосымшасы

•         Halyk мобильді қосымшасы

•         BCC.KZ мобильді қосымшасы

•         Kaspi.kz мобильді қосымшасы

•         egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему