Бизнеске кедергі келтіретін заңдарға өзгеріс енгізу ұсынылды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 11:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бизнеске кедергі келтіретін заңдарға өзгеріс енгізу ұсынылды

25 Сентября 2023 (11:20) | 2713 | Автор: Жазира Абил

Ақтауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Жиынға сенаторлар, салалық кеңес мүшелері, бизнес өкілдері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысты. ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев төрағалық етті.

Биылғы жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 82 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға өскенін көрсетеді. ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 155 мың адамды құрады. Оның 45 мыңы әйел.  

Маңғыстау облысында жалпы сомасы 2 трлн-нан асатын 41 инвестициялық жобаның пулы құрылды. 7 айдың қорытындысымен Маңғыстау субсидиялаудан қолдау алған жобалар бойынша 560 жобамен 1-орында тұр.  

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың айтуынша, Үкімет қабылдаған Жол картасы аясында облыс әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері бірлесіп сатып алуды оқшаулау бойынша бизнес-жобаларды алдын ала іріктеу үшін  жұмыс тобын құрды. 700-ден астам жұмыссызды еңбекке араластыруға мүмкіндік берді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) ашылды. Онда сервистік және ақпараттық қызметтер, сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу бағыты бойынша қызмет көрсетіледі. Келесі жылы Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында КҚКО филиалдарын ашу есебінен консультанттар санын ұлғайтуға қосымша қаражат беру мәселесі қаралды.   

Былтырдан бастап Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында пилоттық режимде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша біздің облыс көшбасшы болып айқындалды. Өйткені Құрық ауылында «Бір ауыл-бір өнім» жобасын іске асырған жалғыз өңір.

«Бүгінгі таңда Құрықта киізден кәдесый дайындайды. Халықаралық сарапшылардан оқытудан өткен 40 әйел жұмысқа орналасты. Алғашқы өнім - түйе кәдесыйлары экспортқа шығарылу үшін Бішкекке жіберілді. Болашақта тауар айналымын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сәтті жоба 2021-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға енгізілді. Биылдан бастап «Бір ауыл-бір өнім» «Мен кәсіпкермін» ұлттық жобасы құралдарының құрамына кіреді. Облыс әкімі Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант ретінде 50 жобаға жергілікті бюджеттен 250 млн теңге бөлді»,- дейді Рашит Мұстапаев. 

2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерініңң құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша 85 өтініш қарады. Оның 41-і толық шешімін тапты.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- имыл жөніндегі Кеңесте 6 айда бизнестің 11 мәселесі қаралды. Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнестің 980 млн теңгесі қорғалды.

Айта кету керек, қаңтар айында Түркіменстанмен шекарадағы «Темір баба» бекеті арқылы халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын 200-ден астам жүк тасымалдаушының күрделі мәселесі көтерілді. Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген халықаралық қатынаста тасымалдау жүйесін қолдану құқығының 48 және 51-тармақтарының заңды күшіне енуіне бизнес наразылық білдірді. Палатаның араласуымен бұйрықтың орындалуы 2024 жылғы 1 қаңтарына дейін шегерілді.

Ақтаудағы Әйел кәсіпкерлерді дамыту орталығына 341 іскер жүгінді. Олардың 112-і қолөнер, 54-і ауыл шаруашылығы бойынша курстан өтті. Тәлімгерлік бағыты бойынша 24 әйел жеке өсу мен құзыреттілік бойынша шеберлік сағатына қатысты. 11 әйел кәсіпкер БҰҰ даму бағдарламасы бойынша оқыту семинарына, 2 кәсіпкер ЕҚДБ-дан, тағы 3 әйел «Кока-коладан» оқудан өтті. Құрық ауылының кәсіпкері Жаңагүл Жапарова Маңғолияда білімін шыңдады. Ал «7 лақ» шаруа қожалығының иесі Александра Григолова халықаралық ірімшік додасында жеңіске жетті.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан 8 салалық кеңес құрылды. Оның мүшелері жергілікті кәсіпкерлер. Олар 36 отырыс өткізіп, барлығы 67 мәселе қарады. Оның ішінде 21 проблемалық мәселенің 7-уі оң шешілді, 2-уі ішінара, ал 12-і жұмыс барысында.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Сенат депутаттарына 12 түрлі ұсыныс берді. Оның ішінде бизнестің дамуына қарама-қайшы келтіретін заңдарға өзгеріс енгізу де бар. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему