Ақтаулық кинолог халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды
Курс валют в Актау
на 27/09/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Сентября, 12:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық кинолог халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды

6 Сентября 2023 (12:20) | 2633 | Автор: Ертуган Аубакир

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кинологтары Беларусь Республикасының Могилев қаласында Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің XXIV ашық чемпионатына қатысты. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен 64 әскери қызметші қатысты.


Үш күн бойы оқыту мамандары иттермен бірге кедергілерден өту курстарынан өтіп, жалпы дайындық курсы бойынша жаттығулар кешенін, сонымен қатар жарылғыш заттарды, есірткі және психотроптық заттарды іздестіру, құқық бұзушыны ұстау, объектілерді іздеу бойынша тапсырмаларды орындады. Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте Ақтаудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, сержант Еркебұлан Жолдасов «Босс» қызметтік иті арқылы есірткіні іздеу жарысында екінші орын иеленді.

 

Сапар аясында шетелден келген қонақтар Могилев қаласында орналасқан 6713 әскери бөлімінің базасында Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің кинологиялық орталығының жұмысымен танысты. Қатысушыларға қызметтік иттерді қандай жерде ұстайтындарын көрсетіп, олардың санын көбейту және асылдандыру жұмыстары қалай жүргізілетіні айтылды.

 

Халықаралық жарыстарға қатысқан кинологтар өзара тәжірибе алмасты. Бұл қызметтік иттерді даярлау деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему