Главное » Тыныс
Маңғыстауда жас мемлекеттік қызметші мектебі жобасының кезекті оқыту кезеңі өз мәресіне жетті
15 Мая 2023 (15:22) | 2392 | Автор: Редакция
12 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының кезекті оқыту кезеңі өз мәресіне жетті.
Жиында департамент басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Жәрдемұлы Мендалиев болашақ мемлекеттік қызметшілерге ұжым атынан алғыс білдіріп, жобаның заманауи мемлекеттік қызметті қалыптастырудағы маңызы зор рөлі мен мемлекеттік қызмет заңнамасына жас мамандарға қатысты енгізілген жаңашылдықтарға баса назар аударып, мемлекеттік қызметтегі халықаралық тәжірибе туралы әңгімелеп берді.
Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айгүл Амангелдіқызы Демеуова жас мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың тың механизмдеріне қысқаша тоқталып, болашақ мамандарға сәттілік тіледі.
Тыңдаушылар көкейіндегі сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының тыңдаушыларына 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы оқыту кезеңін сәтті аяқтағандары үшін арнайы сертификаттар табыс етілді.
Айта кету қажет, оқыту курсы аясында тыңдаушылар мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйым басшыларымен, Президенттік жастар кадр резерві өкілімен кездесіп, қоғамдық және қайырымдылық шараларға белсенді қатысып, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кіру үшін заңнама талаптары бойынша арнайы оқытудан өтіп, сынақ тестілеуден өткен болатын.
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему