ЮНИСЕФ өкілдері Маңғыстаудың «Жастар денсаулық орталығы» жұмысымен танысты
13 Февраля 2015 (11:15) | 2329 | Автор: Нұрганым Имашева
Өңірге Астана қаласынан арнайы ат арытып келген меймандар-Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдері бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы, оның ішінде «Жастар денсаулық орталығы» жұмысымен танысып, аталмыш мекеме мамандарымен дөңгелек үстелде басқосты.
Өлкеге арнайы келген мәртебелі меймандар сапында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдері Юрий Оксамитный, Фиакра Макэзи және аймақтық бағдарламалар бойынша үйлестіруші-Үміт Қажғалиева бар.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының директоры Мұхамбетярова Нұрсұлу Аманбекқызы қонақтарды өзі басшылық етіп отырған мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырып, орталықтың атқарып жатқан жұмыстары, іске асырып жатқан жобалары туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.
ЮНИСЕФ өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, «Жастар денсаулық орталығы»жұмысымен танысты. Аталмыш орталық жетекшісі Гүлжан Сахиқызы облыс аудандарының барлығында да орталықтың филиалдары жұмыс жасап тұрғанын, жастар денсаулығын нығайту бағытында жасалып жатқан жұмыстары жайлы, тәулік бойы жастар үшін қызмет ететін «Қызу желінің» жұмысы туралы әңгімелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жасөспірімдермен кездесу кезінде қолданылатын көрнекі құралдарды көрсетіп, оларды көргендегі жастарға әсері жөнінде мысалдар келтірді.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный: «Өңірге келгелі ең алғаш танысып тұрған нысан-салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы. Оның жұмысымен танысу барысында менде жақсы әсер қалыптасты. Шығармашыл, өз міндетіне деген жауапкершіліктері анық байқалатын ұжымның белсенді жұмысын көріп қуанып отырмын. Мамандардың өз ісіне адал берілгендігі байқалады.
Орталықтың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылғаны, жергілікті әкімшіліктің қолдау танытып отыратыны, мамандардың кәсіби білікітілігі сезіледі.
Біздің тарапымыздан осындай орталықтарға өзге елдердегі тәжірибені белсенді енгізу бағытында әдістемелік көмек көрсету ұйымдастырылатын болады»,-деген өз пікірімен бөлісті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему