Ақтаулық оқушылар халықаралық байқауда үздік атанды
Курс валют в Актау
на 29/01/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
29 Января, 02:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушылар халықаралық байқауда үздік атанды

11 Января 2023 (11:57) | 1473 | Автор: Редакция

Ақтаудағы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық байқауда топ жарды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Түрік елінің төрінде өткен халықаралық байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өнерпаз қатысқан. Солардың ішінен жүзден жүйрік атанып, бас жүлдені қанжығасына байлаған эстрадалық вокал нрминациясы бойынша

 «Жұлдыз» ансамблі мен жеке орындау бойынша Бекболат Жұмабай. Сонымен қатар, байқауда Арай Табылды 1-орын алды.

 Оқушылар  республикалық «Дарындар әлемі» байқауында 500 өнерпаздың арасынан бас жүлдеге ие болып, осы халықаралық байқауға тегін жолдама ұтып алған.

 Жалпы мектеп қабырғасында 3 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шығармашылық үйірмесі қатысушыларының барлығы да қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

 -Осы байқаудың алдында барлық конкурсанттар және номинациялар бойынша ең жоғары, ерекше сыйлық беріледі деп хабарланған болатын. Міне сол сыйлықты Бекболат Жұмабай ұтып алды.  Оның өнерін ерекше бағалаған ұйымдастырушылар алқасы  оған көктемде Анталия қаласында өтетін үлкен «Өнер жұлдыздары» халықаралық фестиваліне тегін жолдама табыстады. Яғни барып келуі, тұруы барлығы тегін. Осы орайда қолдау көрсеткен ата-аналарға және тынбай еңбек еткен оқушыларыма алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен бақыт әрі мақтаныш, - дейді жетекшісі Назира Тұржанова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему