Маңғыстауда 3 мыңнан астам га аумаққа сексеуіл отырғызылды
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 20:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 3 мыңнан астам га аумаққа сексеуіл отырғызылды

24 Ноября 2022 (11:22) | 2450 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында ауылдарда көшпелі құм тоқтату мақсатында 3328,9 га аумаққа сексеуіл отырғызылды,-деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Атап айтсақ, Сенек ауылының айналасында 1288 га, Үштаған ауылында 648,8 га, Тұщықұдық ауылында 940,3 га, Шебір ауылында 451,8 га аумаққа жасыл сексеуіл отырғызылды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Одан кейінгі жұмыстарды «Жасыл Әлем» ЖШС (бұрынғы «Жасыл әлем» МКК) жүргізді.

 

Қазіргі уақытта егілген қара сексеуілдерді әрі қарай күтіп ұстау мақсатында 2022 жылы 11 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігінің «Басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы» № 112 қаулысы шығып, жасыл аймақта қорғауға Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі МКК-ның меншігіне беруге шешім қабылданды. Осы орайда, Бейнеу орман мекемесіне 4 орманшы (әр ауылға бір орманшыдан) және 8 көмекші қызметкер алынды.

 

Сонымен қатар, 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмысы бойынша аймақты зерттеу және шығындарды есептерін жасақталды.

 

Үш ауылға дайындалған 6 жылдық жобасы бойынша барлығы  134,02 га жерге 327 152 (сексеул – 40%, жүзгін – 30% және томирикс - 30%) өсімдіктерін өсіруге конкурс  жарияланды. Нәтижесіде жеңімпаз анықталып жұмыстарын бастап кетті.

 

Сондай-ақ, сексеуіл Қошқар ата қалдық қоймасының айналасына да отырғызылып жатыр.

 

Атап айтсақ,

Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматты тұрақтандыру үшін 2015-2020 жылдары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік-батыс бөлігіне жалпы аумағы 88,2 га жерге қара сексеуіл және жүзгін отырғызылып, жасыл желек өсірілді.

 

Сонымен қатар, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына жақын орналасқан елді мекендердің санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайы мен микроклиматын тұрақтандыру мақсатында 2020 - 2025 жылдарға «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы айналасында ауданы 150 га  (ұзындығы 15 шақырым ені 100-150 м)  жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша жоба жасақталды.

Жалпы, сметалық құжаттамада 150 гектар жердің төрт жасыл қорғаныш аймағына 400 000 қара сексеуілді отырғызу жоспарланған, яғни:

1) №5 жасыл қорғаныш аумағы 40 га - 100 000 түп қара сексеуіл;

2) №6 жасыл қорғаныш аумағы 40 га - 100 000 түп қара сексеуіл;

3) №7 жасыл қорғаныш аумағы 40 га - 100 000 түп қара сексеуіл;

4) №8 жасыл қорғаныш аумағы 30 га - 100 000 түп қара сексеуіл.

 

1) 2021 - 2023 жылдарға аумағы 40 га №5 жасыл қорғаныш аймағын құру жобасын іске асыру үшін 2021 жылы облыстық бюджет есебінен қолдау тауып, конкурстың қорытындысы бойынша Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағымен 2021-2023 жылдарға келісімшарт жасалды.

 

Қазірге кезде, учаскенің барлық периметрі 8214 метрге әр 4 метр қашықтықта биіктігі 2 метр болатын ағаш тіректерін сегіз қатарына металл сымымен (3,8-4 мм) қоршау жұмыстары жасалып, 40,0 га аумаққа 100 000 дана қара сексеуіл көшеттері толық егілді.

 

Жобаның 2-ші және 3-ші жылдары 30 000 түп сексеуілмен толықтырылады. Жұмыстар 2023 жылға дейін жалғасады.

 

2) 2022 - 2024 жылдарға аумағы 40 га № 6 жасыл қорғаныш аймағын құру жобасын іске асыру үшін 2022 жылы облыстық бюджет есебінен қолдау тауып, конкурстың қорытындысы бойынша Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағымен 2022-2024 жылдарға келісімшарт жасалды.

 

2023-2025 жылдары облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен анықталып жұмыс кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

 

Жалпы, өңірде 5 жылда 5850 гектар мемлекеттік орман қоры жеріне сексеуіл тұқымын себу арқылы 1 950,0 мың түп ағаш өсіру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап етеді. 2022 жыл бойынша 870 гектар орман қоры жеріне 4,4 тонна тұқым себу жұмыстары жүргізіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему