Болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 07:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түсіндірілді

17 Октября 2022 (19:18) | 1343 | Автор: Редакция

Yessenov университетінің 1-2 курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түсіндірілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу «Саналы ұрпақ» жобасының аясында ұйымдастырылды. Ақпараттық түсіндіру жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің бас маманы Нұргүл Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың негізгі нормаларына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылып, заңнамалық өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпараттар айтылды.

Өз кезегінде, студенттер сыбайлас жемқорлықты жою маңыздылығын түсініп, оның алдын алу бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Осындай шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жалғасын табатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему