Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Курс валют в Актау
на 03/10/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
3 Октября, 14:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

21 Сентября 2022 (17:49) | 1409 | Автор: Редакция

Қымбатты отандастар!

 

Биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды.

Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады.

Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады.

Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады.

Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады.

Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды.

Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді.

Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады.

Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілді.

Мен осы ережені жүзеге асыру үшін «Ұлттық қор – балаларға» деген мүлде жаңа бағдарлама ұсындым.

Конституциялық реформа – мен Мемлекет басшысы болып сайланғаннан бері жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасының ажырамас бөлігі.

Осы бағдарлама аясында бейбіт жиналыстарды өткізу үшін алдын-ала ескерту тәртібі енгізілді.

Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеудің қажетті шегі төмендетілді.

Сайлау алдындағы партиялық тізімді жасақтау және депутат мандаттарын бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді.

Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендеді.

Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылды.

Парламенттік оппозиция институты құрылды.

Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыстық деп танылмайтын болды, 174-бабы ізгілендірілді. Өлім жазасы жойылды.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілдері енгізілді. Сондай-ақ басқа да көптеген тың бастамалар жүзеге асырылды.

Жалпы, соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырды.

Сондықтан мен Жолдауымда сайлау мерзімін жария түрде және ашық айттым.

Осылайша, біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз.

Осы бастамалар жарияланғаннан бері бір айға жуық уақыт өтті.

Бұл – барлық мәселені байыппен талқылап, жағдайды бағамдауға жеткілікті мерзім.

Халық біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр.

Сондықтан мен бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді.

Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар қолға алынатынын жарияладым.

Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек.

Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын.

Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады.

Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін.

Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз.

Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын.

Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік.

Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда.

Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему