Жаңаөзендік полицейлер түйе мен жылқыға жарық шағылыстырғыш жолақ жапсыруды ұсынды
Курс валют в Актау
на 03/10/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
3 Октября, 12:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік полицейлер түйе мен жылқыға жарық шағылыстырғыш жолақ жапсыруды ұсынды

21 Сентября 2022 (16:36) | 958 | Автор: Редакция

Жаңаөзендік полицейлер аймақтағы түйелер мен жылқыларға жарық шағылыстырғыш жолақ жапсыруды ұсынды. Бұл шара түнде жолға шығып кететін малдың кесіріне тосқауыл болмақ, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғалымжан Мақсұтұлының айтуынша, түйе мен жылқы малының иелеріне жарық шағылыстырғыш жолақтарды байлау керектігін айтты.

- Жолақтар қымбат емес. Жолақты малдың мойнына немесе аяғына байлап қою керек. Түнгі уақытта жарық шағылыстырғыш жолақ көлік жүргізушісіне 300-350 метр қашықтықтан анық көрініп, көлік апатын болдырмауға септігін тигізеді. Малы бар жергілікті жұрт бұл өзгеріске оң қабақ танытып отыр. Себебі түнгі уақытта малдың қай тұста жайылып жүргенін біліп отыру оларға да қажет, - деді Ғалымжан Мақсұтұлы.

Мамандардың айтуынша, малға жарық шағылыстырғыш жапсыру Сауд Арабиясында заң жүзінде бар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему