Қарақия кәсіптік колледжі талапкерлерді қабылдауды жоспарлап отыр
21 Сентября 2022 (15:00) | 1731 | Автор: Редакция
Қарақия кәсіптік колледжі 2023-2024 оқу жылында «Тері және тон бұйымдарын өндіру технологиясы» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдамақ, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Қарақия кәсіптік колледжінде жапондық «Jisa» компаниясының делегаттарымен, «Атамекен» ҰКП, Jiсa OVOP Қырғызстан жобасының кеңесшісімен «Бір ауыл, бір өнім» республикалық жобасы бойынша өткен кездесуде айтылды.
«Бір ауыл-бір өнім» республикалық жобасы Қазақстан бойынша төрт облыстың төрт ауылын қамтиды. Маңғыстау облысы бойынша Қарақия ауданының Құрық ауылындағы Қарақия кәсіптік колледжі. Аталған жобаның мақсаты — төрт түлік малдың жүн-терісін өңдеп, әлемдік деңгейде таныту.
Кездесу барысында колледждің табиғи жүннен бұйымдар шығару, «Карвинг» стилінде дастархан жасау, дайын дизайнерлік трикотаж бұйымдарын жасаудағы мүмкіндіктерін көрсетті, шеберлік сыныптар өткізілді.
Форумның жұмыс тобы Қарақия кәсіптік колледжінің жұмыс барысымен, заманауи тері-тон бұйымдарын өңдеу технологиясымен танысты.
Сондай-ақ, жапондық «Jisa» компаниясы тері өндеу бойынша заманауи құрал-жабдықтарды колледжге демеушілік есебінен алып беру жолдарын қарастыруда.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему