Жаңаөзендік оқушылар «Жарқын болашақ» жобасымен оқуға түсті
16 Сентября 2022 (19:35) | 1012 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласының дарынды балалары «Жарқын болашақ» жобасы арқылы еліміздің арнайы орта білім беру мекемелерінде тегін оқып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу жылы басталғалы бері 149 оқушы еліміздің 11 қаласындағы 44 колледжде білім алуды бастады. Оқытудың негізгі бағыттарының арасында политехникалық мамандықтар, көлік пен коммуникация, экономика мен технология мамандықтары басым.
Оқушылардың кейбірі гуманитарлық мамандықтар мен IT саласын таңдады. Тағы 28 бала басқа бағыттарды құп көрген. Мәселен 12 бала республикалық өнер колледждеріне, алты оқушы олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына түссе, 10 болашақ жас маман республикалық физика-математика мектебіне іріктелді.
«Жарқын болашақ» жобасын іске асыруға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдау білдірді.
Қайырымдылық көмек оқу ақысы мен жатақхана шығындарын өтейді. Балаларға шәкіртақы төленеді, сондай-ақ маусымдық киім сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Бейімделу кезеңінде жобаға қатысушылармен үйлестіруші-кеңесшілер жұмыс істейді.
Аталған бастаманың басты мақсаты – көпбалалы, толық емес, мүгедектігі бар жандар асырап отырған отбасылар, сондай-ақ патронаждық отбасылардан шыққан балалар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.
Еске сала кетсек, «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен, Жаңаөзен қаласының оныншы сыныптағы 50 оқушысы жаңа оқу жылын IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында бастады.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы бірыңғай қайырымдылық операторы болып саналады. Өз қызметін адамдарға әлеуметтік және медициналық секторларда көмек көрсету, медиа, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар құю, топ компаниялары жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламаларын іске асыру сияқты бағыттарға сәйкес жүзеге асырады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему