Мемлекеттік және оларға теңестірілген қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына шектеу
6 Сентября 2022 (19:21) | 2490 | Автор: Редакция
Қазіргі таңда мемлекеттік функцияны атқаратын және оған теңестірілген уәкілетті адамдар қызметке келгенге дейін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысып, бірақ, қолданыстағы заңнамадағы шектеулерге қарамастан дер кезінде кәсіпкерлік қызметті тоқтатпау деректері жиілеп кетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 13 бабы 1 тармағы 3) тармақшасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлер кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы емесжәне осы Заңның 61 бабы 1 тармағы 8) тармақшасында мұндай шектеулерді сақтамауы мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылатындығы көрсетілген.
Мұнай шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 13 бабы (мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет) 1-тармағында да бекітілген, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Осы жағдайларға немқұрайлық танытудың салдарынан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға әкеп соғады.
Осындай өрескел заңбұзушылықтарға мемлекеттік мекеме басшылары мен кадр қызметі өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы ықпал етеді және қоғамда мемлекеттік органдардың қызметіне сенімсіздік туындайды.
Жалпы, Заңның 16-бабында белгіленген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы тексеру, ал 17-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау кадр қызметіне жүктелген.
Дегенмен, мемлекеттік қызметке келушілердің бұған дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқандығы назардан тыс қалып жатады, сәйкесінше мемлекеттік қызметте болу кезінде Заңның 13-бабындағы шектеулерге сәйкес жеке кәсіпкерлікті тоқтату міндеті орындалмай қалады.
Айта кету керек, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 154-бабымен мұндай мемлекеттік қызметпен сыйыспайтын әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, Заңның 44-бабының 1-тармағы бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік теріс қылыққа жол берген деп сараланады.
Статистикалық мәліметке сүйенсек ағымдағы жылы өңірімізде бірнеше тұлға осындай жауапкершіліктерге тартылған.
Бұған дәлел, Ақтау қаласы әкімдігінің Е. есімді қызметшісі мемлекеттік қызметке келгенге дейін салықтық органда жеке кәсіпкер болып табылатындығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг жүргізу барысында анықталды. Бұл ретте ол ешқандай келісім-шарт жасаспағанын және оны жабу есінен шығып кеткендігін ескере аумақтық департаментпен ҚР ӘҚБтК-нің 154 бабымен хаттама толтырылды.
Соттың талқылауында аталған мән-жайлар жауапкершіліктен босатуға себеп болмайтындығы және 1 жыл 6 ай уақыт ішінде кәсіпкерлік қызметі тіркеліп тұрғандығы түсіндіріліп, дегенмен оның осы іске шынайы өкінетіндігі мен басқа да жеңілдетілген жәйттар екеріліп, оған 428820 теңге көлемінде айыпұл салынды.
Аталған мәселелерге ықпал ететін мән-жайларды болдырмау үшін аумақтық департамент, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының назарына https://stat.gov.kz/ немесе басқа да арнайы ақпараттық жүйелері арқылы қызметке келушілердің ЖСН теру арқылы олардың заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болуын/болмауын анықтап, тиісті шаралар қабылдап отыруды ұсынады.
Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему