Маңғыстауда комплаенс-офицерлер қызметке кірісті
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 13:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда комплаенс-офицерлер қызметке кірісті

21 Июля 2022 (17:36) | 1773 | Автор: Редакция

Маңғыстауда 221 комплаенс-офицер қызметке кірісті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының 221 квазимемлекеттік сектор субъектісінде адалдық стандарттарының сақталуына бақылау жасайтын комплаенс институты енгізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету. Департамент комплаенс қызметінің маңыздылығы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарымен айналысып, әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Атап айтсақ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің мамандарына, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына комплаенс қызметтері туралы түсіндіріліп, егжей-тегжейлі талқылау семинарлары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда өркениетті мәдениет қалыптастыруға ықпал етуге «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Ақтау теңіз сауда порты» сияқты ірі компаниялар да атсалысып, комплаенс бағдарламасына қолдау білдіріп отыр. Аталған мекемелерде комплаенс бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті дербес комплаенс-қызметін ашып, оған жауапты маманға үміткерлерді іріктеуде.
Комплаенс қызметінің маңызы заңнамалық деңгейде айқындалғанын атап өту қажет. Сол себепті, департамент мамандары комплаенс институты жемқорлық көріністерінің алдын алып, оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему