Референдум кезінде Ақтау автобустарында жол жүру тегін болады
31 Мая 2022 (12:28) | 1475 | Автор: Редакция
5 маусымда Ақтау қаласында қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдікте бұл шешім Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси науқан аясында қабылданғанын түсіндірді. Республикалық референдум елімізде 5 маусымда өтеді. Қазақстандықтарға олар қай учаскеге жататыны туралы смс-хабарламалар жіберілді. Конституцияның жаңа нұсқасында Президенттің өкілеттіктеріне, Парламенттің жұмысына, өлім жазасын жоюға және тағы басқаларға өзгерістер енгізу ұсынылады.
-5 маусымда республикалық референдумның өтуіне байланысты №№ 2, 3, 4, 4м, 5,7,8 қалалық маршруттық автобустарда жүру тегін болады, - деп хабарлады Ақтау әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 8 наурыз күні әйелдер үшін, наурыз бен оразаның құрметіне жол жүру тегін болатын.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему