Бапкері мен шәкірті Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
18 Мая 2022 (16:01) | 2031 | Автор: Нурбол Окуов
Ақтаулық Бейбіт Толеген және оның бапкері Азамат Жұлдызбай Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді.
Еліміздің бірнеше өңірінен бөлек Испания, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен барлығы 400-ге жуық спортшылар қатысқан жарыста ақтаулықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Қыздар арасында 8-9 жас аралығында 30 келіге дейінгі салмақта Төлеген Бейбіт алтын медаль жеңіп алды. Ал бапкері Азамат Жұлдызбай ересектер арасында 65 келі салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ 16-17 жас аралығында 65 келіге дейінгі салмақта татамиде өнер көрсеткен Райымбек Шынтай күміс медаль иегері атанды. Ал 8-9 жас аралығында 35 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан Әмір қола медальді қанағат тұтты.
"Татамиде мен үш қарсыласымнан басым түстім. Барлық жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіп шықтым. Жеке бапкерім мені әрдайым жеңіске жетелеп жүр. Жалпы жеңіс тұғырынан көріну үшін көп тер төгуге тура келеді. Алда басқа да жарыстарға тыңғылықты дайындалып, әлі де атой саламын деп ойлаймын", - дейді Азия чемпионы Бейбіт Батырбекқызы.
Каратэшілер Ақтау қаласындағы 19 ш/а орналасқан «Чемпион» спорт залында жаттығады. Қыркүйек айында Жаңаөзен қаласында Азия біріншілігін өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта спортшылар кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісіп кетті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему