Жаңаөзендегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 9 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 9 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

5 Мая 2022 (12:55) | 1253 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы(КҚКО) ашылды. Енді жергілікті кәсіпкерлер бизнеске қатысты тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.

 

Орталықтың ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тікелей қолдау білдірді.  Ресми ашылу салтанатына шаһардың кәсіпкерлері, кеңес мүшелері, жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

 Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 3 қызмет түрі көрсетіледі. Олар заң қызметі, менеджер маркетолог және несие бойынша құжаттарды сүйемелдеу қызметі.

 -Мен өзіме қажетті заңгер кеңесінің қызметін алып шықтым. «Өзенмұнайгаз» компаниясымен келісімшарт жасасқан едім. Бірақ  карантинге байланысты тапсырысты толық орындай алмай қалдым. Сол себепті КҚКО-нан орындау мерзімін создыруға көмек сұрадым. Тиісті жауап алдым, енді бірлесіп әрекет ететін боламыз. Біздің қаламыздан осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымыз. Бұрын өз мәселемізбен жекеменшік заңгерлерге жүгінетін едік,- деді кәсіпкер Қуандық Есболғанов.

 Ашылуы рәсімі кезінде мұнайлы қаланың 30 кәсіпкеріне тегін кеңес берілді.

 -Орталықта кәсіпкерлер үшін барлық қызмет тегін беріледі. Алдағы уақытта семинар ұйымдастырылып, бизнес өкілдеріне электронды сатып алулар мен салық есебін тапсыру жолдары үйретіледі. Орталықтың жұмысы үшін жергілікті атқарушы органдардан 8 млн 730 мың теңге бөлінді. Қаражат аудару жалпы конкурс негізінде электронды сатып алулар арқылы жүргізілді,- деді  «Маңғыстау КҚКО» ЖШС директоры Аманат Махмутов. 

 Алдағы уақытта жаңаөзендік кәсіпкерлер үшін ауыл шаруашылығы саласына тағы 4 млн тг қарастырылады. Ал, Ақтау қаласы іскерлері үшін биыл 13 млн тг бөлінеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему