Мониторингтік топ маңғыстаулықтарды азық-түлік бағасының өсуіне қатысты алаңдамауға шақырды
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мониторингтік топ маңғыстаулықтарды азық-түлік бағасының өсуіне қатысты алаңдамауға шақырды

15 Марта 2022 (16:45) | 2169 | Автор: Редакция

Мониторингтік топ БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы азық-түлік қоймаларын тексеріп,  баспасөз турын өткізді. Шара аясында олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, соның ішінде қант және ұн бағаларымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

 

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 3% өскен. Бөлім басшысы Әли Сәрсеновтың айтуынша, біздің өңірге азық-түлік тауарларының 85% басқа өңірлерден және шет елдерден әкелінеді.

 - Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қанттың тапшылығы мен қымбаттауы туралы ақпарат тарауда. Осы себепті 14 наурыз күні біз БАҚ өкілдерімен бірге, өңірлік тұрақтандыру қорының, "Анвар" және "Дина" ЖШС қоймаларын, сондай-ақ Ақтау қаласындағы ірі сауда желілерін тексеріп, қоймадағы қант қорын қарау үшін  баспасөз турын ұйымдастырдық. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 421 тонна қант сақталған. Он күн ішінде тағы 340 тонна қант келеді деп күтілуде. Облыс бойынша 1 келі қанттың орташа бағасы 295 теңгені құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлермен азық-түлік тауарлары нарығында алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 наурызында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссия сауда желілеріне 136 тонна (1 келі үшін 265 теңге) көлемінде қант интервенциясын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады, - деді Әли Сәрсенов.

 Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Сауқымбек" ЖШС мен “Азық-түлік корпорациясы" АҚ ұн мен кебек өндірісі үшін шамамен 24 000 тонна астық жеткізу туралы келісім-шарт жасасты. Статистика деректері бойынша өңірде 1 сұрыпты ұнның орташа бағасы 1 келі үшін 257 теңгені құрайды. Облыс әкімдігі мен "Сауқымбек" ЖШС арасында 1 сұрыпты Мұнайлы маркалы ұнын 135 теңгеге және Каспий маркалы ұнды 150 теңге мөлшерінде ұстап тұру туралы меморандум жасалды.​ ​

 - Облыс тұрғындары үшін апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жыл басынан бері осындай 70 жәрмеңке өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша ірі және ұсақ сауда ұйымдарымен 436 меморандумға қол қойылды.

Үйдің астында орналасқан 1589 азық-түлік дүкендерінің иелеріне ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес ӘМАТ-қа(әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) 15% - дан астам үстеме ақыға жол бермеу туралы хабарлама хаттар табысталды.

Бағаның қолжетімділігін арттыру мақсатында "Халықтық бақылау" жобасы іске асырылуда. Өңір бойынша 53 мониторингтік топ құрылды. Оларға 400-ден астам белсенді адамдар жұмылдырылды. 60%-ы әр түрлі деңгейдегі депутаттар мен қоғамдық белсенділерден, сондай-ақ ауыл әкімдері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. ​ ​Мониторинг топтар аптасына екі рет мониторинг жүргізеді,-деді Әли Сәрсенов.

 Бөлім басшысы қант тапшылығы жоқ екенін айтты. Қант қаланың барлық сауда орындарында сатылып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему