Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет!
14 Февраля 2022 (10:46) | 2171 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, БКМ фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясы әрекетінің жалғасуы туралы хабарлайды.
zakon.kz.
«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
Фискалдық чекті бермеу фактілері туралы App Store және Play market-тен "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему