«Көгез» этноауылы
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 05:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Көгез» этноауылы

14 Июня 2017 (09:55) | 5696 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысы – ашық аспан астындағы мұражай саналады. Еліміздегі тарихи ескерткіштердің үштен бірі осы өңірде тіркелген. Жерасты мешіттері, ерте дәуірдегі қалашық орындары, әскери бекіністер мен шар тәріздес алып тастар Маңғыстауда ғана кездеседі. Осы мәдени мұраларды кеңінен насихаттау үшін аймақта тұтас бір этноауыл бой көтерді. Этноауылға келген қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, ұлттық тағдамдарынан дәм татады, арнайы туристік бағыттар бойынша өңірдің тарихи және көрікті жерлерін аралайды.

 

Құшақ жаяр жүргіншіге бауырға,

Көрік берген ауданыма, ауылға

Міне бүгін қонақ болып отымыз

«Көгез» деген біз этноауылда.

 

Дәл осындай бар киелі еліміз

Тәтті тағам, таза ауа еміміз

Сондықтан да шетел аспай достарым,

Демалуға тек осында келіңіз.

 

Мен айтамын құлақ салып, бері қара

Кереметтің бірі біздің Шерқала.

Иір, Жалған, Айрақты тұр қыдырсаң

«Көгез» келіп демалатын жер ғана.

 

Маңғыстаудың аралап кең даласын

Ел-жұрт көріп көп ләззат аласың.

Дәмі балдай тәтті тағам осында

Бір дәм татсаң кеткің келмей қаласың.

 

 

Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, құрметті спортшы, Шайыр ауылының тұрғыны Сабақбай Тілегенұлы «Көгез» этноауылына деген жүрекжарды тілегін осылайша өлеңмен жеткізді.

 

Сабақбай аға, суреттегендей «Көгез» этноауылы расында да табиғаты тамаша жерде орналасқан екен. Бір қапталында Шерқала, оған қарама-қарсы Айрақты жатыр. Қос таудың етегінде орналасқан этноауыл биылғы маусымын ашып, алғашқы қонақтарын қабылдай бастады. Мұнда туристердің өздерін жайлауда отырғандай сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Қаз-қатар тігілген киіз үйлерде демалып, таза ауада тамақтанады. Киіз үйлер әртүрлі жасақталған. Бірінде жерге, текеметтің үстіне жантайып жатуға болады. Ал, екіншісінде биік төсектер қойылған. Демалушылар қалауы бойынша киіз үйді таңдай алады.

 

Этноауылдағы асхана туристердің көңілінен шығып жатыр. Мұнда түрлі ұлттың тағамдарына тапсырыс бере аласыз. Алайда басымдық – қазақтың ұлттық тағамдарына беріледі. Қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары ұсынылады. Ет, қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, бауырсақ дейсіз бе «Көгез» этноауылының аспаздары қалағаныңызды әзірлеп бере алады. Жақын маңдағы шаруалардан түйе сүті мен бие сүтін алдыртып, туристерге шұбат пен қымыз ұсынылуда. Бұл бір жағынан шөл басады, екінші жағынан туристердің ағзаларын тазалап, сауықтыруына пайдалы.

 

 

Астана қаласының тұрғыны Райхан Қыдырбергенқызы жұмыс бабымен Маңғыстауға келген екен. Мұнда табиғат аясында жаңа этноауыл бой көтерді, дегенді естіп, бас сұғыпты. Бірер күн демалған Райхан керемет әсер алғандығын айтады.

 

Райхан Қыдырбергенқызы: Астана қаласының тұрғыны:

-Кәдімгідей бұрынғы қазақтың ауылына келгендей болып жатырмыз. Осындай табиғатта ыссы бауырсақпен шәй ішіп, қуырдақтан дәм татып жатырмыз. Кремет. Келесіде ойлаймын балаларыммен, достарыммен келу керек деп. Осындай таза ауада демалыу керек екен. Ләззат алуға керемете жер.

 

«Этноауыл» жобасын жергілікті тұрғын Мұқағали Ербозов өзге де кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырған. Мақсаты – шетелдіктерге қазақтың бай мәдениеті мен туған жерінің табиғатын көрсету. Жобаның сәтті жүзеге асуына Маңғыстау облыстық туризм басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры қолдау көрсеткен.

 

Қазір жергілікті өнер колледжінің студенттерімен келісім жасалды. Жазғы демалыста студенттер этноауылға келген қонақтарды домбыра, қобызбен қарсы алып, ән-жырдан шашу шашады. Сондай-ақ, туристер ұлттық спортпен танысуға мүмкіндік алмақ.

 

Мұқағали Ербозов, «Көгез» этноауылы» жобасының авторы:

-Біз ауылымызға келген туристерге қазақтың нағыз дәстүрін, өмір салтын көрсетуге тырысамыз. Мәселен, түйені, жылқыны қалай сау керектігін үйретеміз. Сонымен қатар жылқы мен түйеге мінуді де үйретеміз. Үлкен кісілерге арнайы, балалар үшін арнайы жаттықтырушылар болады. Айналадағы тауларға жылқымен немесе жаяу я болмаса велосипедпен баруға болатындай жағдай жасап жатырмыз. Алға қойған жоспарымыз өте көп. Бұйырса ауылымыздың болашағы жарқын болады деген үміттемін. Жергілікті билік тарапынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Туристер тартуда қолұшын бермек.

 

«Көгез» этноауылында ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін түрлі сайыстар, жобалар ұйымдастырылып тұрады екен. Мәселен, былтыр қыркүйек айында студенттер арасында «Ең үздік киіз үй» сайысы өткізіліпті. Туризм колледжінің студенттері екі топқа бөлініп, киіз үй тігуден сайысқа түскен болатын. Жігіттері уық қадап, кереге керсе, қыздар ішкі әсемдеу жұмыстарын атқарды. Осы уақытқа дейін киіз үйді құруды білмеген, көрмеген студенттер осы сайыс арқылы көшпелілердің баспанасы туралы біраз мағлұмат алды.

 

 

«Көгез» этноауылындағы тағы бір ерекше жарыс іскер келіншектер арасында өтіпті. Облыстың әр бұрышынан, бірнеше аудан мен ауылдан жиналған 20 келіншек этноауылда 5 күн жатыпты. Олар үшін Алматыдан арнайы маман шақырылып, киіз басуды үйреткен. Қала өмірінен жалыққан ақтаулық келіншектер этноауылда тынығып қана қоймай, қолөнерді меңгерді. «Киіз басып, жүн иіру - әйелді шыдамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді»,-  дейді олар.

 

Көгез жеріндегі 6 гектар аумақ бүгінде жасыл-желекке оранған. Жүздеген жеміс ағаштары отырғызылыпты. Түрлі гүлдер мен көкөністер егілген. Құдды бір шөл даладағы оазиске тап болғандай әсер қалдырады. Арнайы жұмысқа алынған бағбандар күні-түні еңбектеніп жатыр. Алдағы уақытта тағы бірнеше өсімдік түрі егілмекші.

 

«Алдағы уақытта «Көгездегі» киіз үйлердің санын тағы бірнеше арттырып, бассейн, волейбол, футбол алаңдарын салу жоспарлануда. Бұл этноауылға келушілердің толыққанды демалуы үшін жасалатын жұимыстардың бір парасы ғана»,-дейді Мұқағали Ербозов.

 

Көшпелі қазақ халқының дәстүрі мен өмір салты шетелдік туристерді қызықтыранытыны сөзсіз. Сондықтан да ауыл өзге елдің туристерін қабылдауға тыңғылықты дайындалып жатыр. Астанада өтіп жатқан «Экспо-2017» көрмесіне келген қонақтар үшін облыста Маңғыстаудың құпиялары мен сырлары», «Керуен» жолдары» бағыты бойынша саяхат ұйымдастырылмақ. Бұл саяхатқа келген туристер міндетті түрде «Көгез» этноауылына аялдап, ұлттық тағамнан дәм татып кетеді. Себебі, аталған саяхат бағыттарына туристер дәл осы «Көгезден» аттанады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему