Гүлнар Көркінбаева: Маңғыстауда коронавирус инфекциясының өсуі байқалады
15 Октября 2021 (12:35) | 1453 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева айтты.
«Салыстырмалы түрде осы аптада індеттің өскені байқалып отыр. Мәселен, өткен аптада өңірде коронавирус індетінің 61 жағдайы тіркелсе, осы аптада 76 жағдай анықталған. Аудан мен қала деңгейінде соңғы 1 аптаны талдайтын болсақ, аурудың деңгейі Ақтау қаласында 6, Қаракия ауданында 9, Түпқараған ауданында 4 жағдайға өскендігі байқалып отыр», - деді Гүлнар Көркінбаева.
Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров қатысты. Оның айтуынша, аймақта екпе егу жұмысының деңгейі республика бойынша соңғы орында тұр.
«Ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Дегенмен өңірде екпе егу жұмыстары әлі де төмен. Қазір 54 жүрмелі бригада вакцинациялау жұмыстарын аэропортта, теміржол вокзалында, сауда орындары мен базарларда қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Медициналық ұйымдар дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған», - деді Аманбек Жұмыров.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему