Маңғыстау облысында ардагерлер кітапханасы ашылды
12 Октября 2021 (16:51) | 1581 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов мәлім етті.
«Облыстық ардагерлер үйінің жанынан «Маңғыстау ардагерлерінің шығармалары» кітапханасы ашылды. Мұнда өңір ардагерлерінің өнегелі өмір жолынан сыр шертетін 350-дей кітап бар. Маңғыстау өлкесінің ардагерлері облыстың өркендеуіне елеулі үлес қосып, қоғамның дамуына белсене араласуда», - деді Серікбай Төлетов.
Қазір облыс бойынша 8 ардагерлер ұйымы бар. Мұнда 51705 ардагер тіркелген. Жеңіс күнін жақындатқан 6 соғыс ардегері, 743 тыл ардагері бар. Спикердің айтуынша, қыркүйек айында қала, аудандарда ардагерлермен кездесу өткізіліп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.
«Мемлекет басшысы Жолдауда ұлт зиялыларына, ел ағаларына бірқатар маңызды міндет артты. Оның ішінде жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру, отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дәріптеуді міндеттеді», - деді Серікбай Төлетов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему