Медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге қайта рұқсат берілді
20 Сентября 2021 (15:20) | 1079 | Автор: Редакция
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оған сәйкес, денсаулық сақтау ұйымында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкері келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды.
Сондай-ақ енді медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізуі кезінде, науқас пен онымен байланыста болған адамдар арасында сауалнама жүргізу барысында аудио, фото және видео түсіруге рұқсат берілді.
Бұл шектеу елдің бас санитар дәрігерінің 2021 жылдың 2 қыркүйектегі №38 қаулысында көрсетілген еді.
Жаңа қаулы 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
Құжат мәтіні денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.
Оқи отырыңыз:
- Ковидтен қайтыс болғандарды сойып тексеретін дәрігер: денең түршігеді
- Дәрігер шұғыл түрде кардиологқа көріну керектігін білдіретін жеті белгіні атады
- Коронавирустан кейін тұмауға шалдығу ағзаға қалай әсер етеді
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему