Қазіргі таңда Маңғыстау облысында QR код жүктегендер саны – 733.
23 Июля 2021 (15:49) | 2141 |
Автор: Редакция
«Ashyq» жобасының 639 қатысушысы Әкімдік сайтына жарияланды, 74 кәсіпкерлік нысандары тесттік режимде жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдіктері «Ashyq» жобасына қосылды.
Келушілерді QR-код (чекиндер) бойынша тіркеудің нөлдік көрсеткіші бар жобаның 20 қатысушысы "ASHYQ" жобасынан 2 апта мерзімге шығарылды. Ал 20 дан төмен QR-код (чекиндер) бойынша тіркеудің көрсеткіштері бар 83 кәсіпкерлік нысандарына ескертпе жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның 28 қатысушысына «Жоба ЛИДЕРІ» статусы берілді. «Жоба ЛИДЕРІ» статусын алған қатысушыларға келесі жеңілдіктер қолданылады:
- 10%-ға нысанның толтырылуы артады.
Солардың ішінде Маңғыстау облысының Әкімдігі, Бейнеу ауданының Әкімдігі, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» Маңғыстау облысы бойынша филиалы, Маңғыстау индустриалды паркі, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Жоба ЛИДЕРІ» статусын алды.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 109 қызыл, 44 сары анықталды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-мен ауыратын науқастар мен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық қағидаларды бекітті.
Егер адам басқа мекемеге барған кезде Ashyq қосымшасы "қызыл" мәртебесін растаса және оның оқшаулануды сақтамайтыны анықталса, бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп болады. Мұндай жағдайда 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему