Ақтауда ашық есік күні өтеді
26 Июня 2021 (14:58) | 1876 | Автор: Редакция
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» «Ашық есік күні» шарасына шақырады.
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары Ақтау қаласы 3 ш/а орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында 2021 жылдың 29 маусымында сағат 10.00-де «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі. Өткізілетін Ашық есік күнінде талқыланатын сұрақтар:
1. Зейнетақы қорының жүйесі және Зейнетақы қорындағы заңнамасындағы өзгерістер бойынша.
2. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері:
1) Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы;
2) Асыраушысынан айырылу жағдайы;
3) Жұмысынан айырылу жағдайы;
4) Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
5) Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
6) Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
3. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау тәртібі.
4. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
Аталған шара сұрақ-жауап ретінде өткізіледі, жоғарыдағы тақырыптар бойынша сұрақтарыңыз болса келулеріңізге болады жәнеде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің facebook ресми әлеуметтік желідегі парақшасы (https://fb.me/e/1vqSL7OTM) арқылы тікелей эфирге шығатынымызды қаперлеріңізге береміз.
Аталмыш шара барысында Департамент мамандары тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Маңғыстау облыстық филиалдарының өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему