Теңіз жаяу әскерлері бригадасының жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
10 Мая 2021 (10:59) | 1674 | Автор: Редакция
Ақтау қаласының тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Бисен Боқаев – 97 жаста. Қазіргі таңда қарт майдангер жұбайы Оғылхан әжеймен бірге 26 немере, 26 шөбере сүйіп отыр.
Теңіз жаяу әскерлері бригадасының жауынгерлері Отан үшін от кешкен майдангерді Ұлы жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтады. Ардагерге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты құруға атсалысқаны үшін алғысын айтты.
Бүгінде Маңғыстау облысында алты ардагер Ұлы жеңістің жетпіс алтыншы көктемін қарсы алып отыр. Солардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Бисен Боқаев. Ол 1923 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, 1944 жылы 2-Украина майданындағы соғыс қимылдарына, Яссы-Кишинев операциясына, Бессарабияны және Румынияны азат етуге қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», ІІ-дәрежелі «Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Сұрапыл соғыста алдыңғы қатарда тұрған және тылда жүріп Жеңіске жетуді көздеген Ұлы Отан соғысының батырларының әрқайсысының жауынгерлік жолы мен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керек.
Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Жаннұр Саткынов мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, еліміздің бүгінгідей жетістікке жету жолындағы ардагерлеріміздің өлшеусіз еңбектеріне, елдің бірлігін бекемдеу мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты істеріне, ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген төраға сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, теңіз жаяу әскерлерінің атынан алғысын білдірді.
Ал ардагер елдің амандығын, ұрпақтардың бейбіт елде өмір сүргенін тілеп, алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему