Маңғыстауда кісі өлтіру дерегі ашылды
29 Апреля 2021 (10:54) | 2261 | Автор: Редакция
2021 жылы 25 сәуірде Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, оқиғаны тергеп-тексеру барысында "Kaspi Gold" картасынан үш миллион теңге сомасындағы ақша қаражатының жоғалғандығы анықтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему