Ауыл мектебінің кітапханасы әлемдік әдебиет жауһарларымен толықты
Курс валют в Актау
на 17/04/2021
 
428.75
432.42
 
512.85
517.8
 
5.58
5.73
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
17 Апреля, 19:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ауыл мектебінің кітапханасы әлемдік әдебиет жауһарларымен толықты

7 Апреля 2021 (15:39) | 996 | Автор: Редакция

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы  бойынша Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітілді. Ерекшелігі көркем әдебиеттердің тізімі 4 бағытта жүзеге аспақ.

 

 

Олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің, әлем әдебиеті жауһарларының және қазіргі заман ақын –жазушылардың кітаптары енетіндігі айтылған. Бұл бағытта Түпқараған ауданындағы Сайын-Шапағатов мектеп-гимназиясы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын бастады.

 

Акция аясында мектеп директоры Жансая Молдажанова өз мектебінің кітапханасына Нобель сыйлығын иеленген шетелдік авторлардың қазақ тіліндегі аудармаларын табыстап, эстафетаны барша маңғыстаулық мектеп ұжымдарына жолдады. Сайын-Шапағатов мектеп–гимназиясына тарту етілген кітаптар тізімінде: Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық», Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы», Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» кітабынан бөлек өзге де үздік туындылар бар.

 

- Мектеп кітапханасында  көркем әдебиет саны 576, оның 200-ге жуығы балалар әдебиеті. Қазіргі уақытта оқырмандар саны 400-ге жақын. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Оқуға құштар мектеп»  жобасы біздің кітапханадағы кітап қорының қазіргі заман және әлемнің үздік шетел әдебиеттерімен толықтырылуына мүмкіндік болып отыр. Біз өз оқушыларымыздың кітап оқуға құштарлығын оятып, оқырмандарымыздың сұранысымен санасуды мақсат етіп отырмыз. Бұл жоба арқылы мектеп ұжымы да үлес қосады, - деді мектеп директоры Жансая Молдажанова.

 

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 



Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему