Жол саласында дипломы бар мамандар жетіспейді
Курс валют в Актау
на 01/03/2021
 
416.04
419.52
 
502.57
507.48
 
5.54
5.69
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
1 Марта, 22:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол саласында дипломы бар мамандар жетіспейді

16 Февраля 2021 (13:36) | 1685 | Автор: Редакция

Былтырғы жылы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК басшылығы «1000 мектеп» бастамасын жүзеге асыруды қолға алғаны көпшілікке мәлім. Мақсат - мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, жолшы мамандығына тарту.

 

 

Маңғыстау облысында 154 мектеп бар. Аймақта карантиндік шектеу шаралары енгізілгенге дейін 26 орта білім беру мекемесі қамтылды. Жол сапасын бақылаушылар Ақтаудан бөлек Мұнайлы мен Түпқараған ауданындағы мектептерге барды.

 

«Аталған кездесулерде көлік жолдарының сапасын бақылау нәтижелері таныстырылып, жол мамандықтары жайлы ақпарат айтылды. Былтыр қарашада Zoom арқылы өткен танымдық кездесуге Ақтау қаласындағы 26 мектеп түгелдей қатысты. Филиал қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларын қызықтырған сауалдарға түсінік берді. Бүгінге дейін аталған іс-шараға онлайн және офлайн форматта қатысқан балалардың жалпы саны 2 мыңға жуықтайды» - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы филиалының басшысы Елтай Таялиев.

 

Спикердің айтуынша, көп жағдайда оқушыларды мектеп бітірген соң қандай оқу орнына түсуге болатындығы алаңдатаны байқалады. Осы ретте Қазақстанда жол саласы бойынша мамандарды даярлаумен 30-жуық университет пен 50-ге тарта колледж айналысатынын ескеру қажет.

 

«Олардың қатарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен Х.Өзбекғалиев есімі берілген политехникалық колледж бар. Колледждің 2 студенті ай сайын 60 мың теңгеден жоғары шәкіртақы алып, Ақтаудағы филиалында кәсіби біліктілігін арттырып жүр. Оқуын бітірген соң ұжымға қосылады деп күтілуде» - дейді Е.Таялиев.

 

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда орта есеппен 3 мыңға жуық маман қажет. Әсіресе жол шеберлері, инженер-сметашылар, зертханашылар, жол құрылысы инженерлері, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар тағы басқа да мамандықтар бойынша адам жетіспейді.

 

«1000 мектеп» жобасы аясында 2020 жылдан бастап түлектердің арасынан жыл сайын ең кемі 2-3 бала жол саласы мамандығын таңдайтын болса, таяу 10 жылда бұл  бағытта маман тапшылығы жойылары сөзсіз. 

 

«ЖАҰСО» РМК баспасөз қызметі

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему