Ізгі ниетті жүздесу
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 18:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ізгі ниетті жүздесу

27 Июня 2016 (12:18) | 2245 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда «Маңғыстау Кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар Бірлестігінің басшылары жергілікті телерадио және басылымдар тілшілерінің басын қосып, оларға облыс орталығындағы «Мандарин» сауықтыру орталығындағы дәмханада қасиетті Рамазан айында сауабы мол ізгілікті іс – ауызашар рәсімін ұйымдастырды.

 

Маусым айындаың 10 жұлдызында кәсіби мерекесін атап өткен аймақтық «Кәсіподақтар орталығы» бүгінде өз қызметінде тың серпін танытып, жұмысы жаңа қырынан танылып, өңір тұрғындары арасында ел игілігіне арналған біршама пайдалы істерімен таныла бастағаны анық.

 

Оның бірнеше себебі бары рас: солардың бірі – өмірге енген Кәсіподақтар туралы жаңа Заңның пайда болуы болса, екінщісі, әрі, бастысы – өңірлік ұйымды басқаруға жаңа, жас басшы Қайрат Жанабековтың келуі десек, артық айтпағанымыз болар.

 

 «Жас келсе - іске» -деп халқымыз бекерге айтпаса керек, жас басшы өзімен бірге аймақтағы Кәсіподақ қызметін жандандыруға жаңа леп, тың серпін ала келгенін көпшілік сезініп, ол жайлы жергілікіті БАҚ беттерінде және әртүрлі әлеуметтік желілерде ашық айта да бастады.

 

БАҚ өкілдерімен қатар сауапты шараға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Аманғали Нұрдәулетов және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның Кәсіподақ ұйымының төрағасы Көбен Төремұрат та қатысып, қаламгерлерге кәсіби мерекесі қарсаңында өздерінің ізгі тілектерін арнады.

 

«Маңғыстау Кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар Бірлестігінің төрағасы Қайрат Жанабеков тілшілер қауымына арнаған сөзінде:

- Уақыттарыңызды бөліп, ауызашарға келгендеріңізге зор алғысымды білдіремін. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде «Маңғыстау Кәсіподақтар орталығының» атқарып жатқан іс-шаралары туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізе табыс тілеймін! – деген жүрекжарды ізгі тілегі мен ризашылығын білдірді.

 

 

Журналистер қауымы емен – жарқын әңгімелесіп, кәсіподақ басшыларымен Орталықтың атқарып жатқан игі істері туралы сөз қозғап, алдағы жоспарлары жайлы сұрап, еркін түрде сұхбаттасып, бір серпілісіп қалды.

 

Мағыналы да мәнді басқосудың маңызын тілге тиек еткен тілшілер атынан жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев, облыстық «Маңғыстау» газетінің фототілшісі Серік Майемеров, республикалық «Қазақстан» ұлттық арнасының аймақтағы меншікті тілшісі Нысаналы Ығыл, ақтаулық «Лада» апталығының журналисі Алтынгүл Меңдіхан және т.б. өздеріне көрсетілген сый-құрмет, танытылған ыстық ықылас, айтылған ақ тілектерге ризашылық сезіммен алғыстарын жаудырып, еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жолындағы кәсіподақ ұйымының қызметіне толағай табыстар тіледі.

 

Сауапты, ізгілік ниетке толы басқосу жиынын басқарған «Маңғыстау Кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар Бірлестігі төрағасының орынбасары Мейіржан Тұманов дастархан басындағыларды өзінің ерекше шебер сөз саптауымен үйіріп, отырыстың ажарын ашып, сәнін келтірді.

 

Кездесу соңында бір-бірімізге деген сыйластығымыз бен ізгі ниетіміз, ауызбіршілігіміз, аркамыздағы «алтын көпір» - байлаенысымыз одан әрі өркендеп, нығая түссін деген кәсіподақ басшылары және ауызашарға келген қалам иелері естелікке суретке түсіп, өзара ризашылық сезіммен тарасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему