Мұнайлы ауданында шақпақ қант шығаратын цех жұмыс істейді
20 Января 2021 (11:45) | 3028 | Автор: Редакция
Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында күнделікті сұранысқа ие қажетті өнімді шығаратын шақпақ қант цехы жұмыс істейді. Өңір тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз етуші «Batys Trade» ЖШС. Цех басшысы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында қолдау алып, несие қаражатына қант өндіретін қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.
«Қазіргі уақытта цехта тәулігіне 3000 кг рафинад шығарады. Қанттың бағасы 330 теңге. Жергілікті 5 тұрғынды жұмыспен қамтып отырмыз. Құмшекерге су араластыру арқылы дайындалып, 350 градус ыстықта кептіріледі. Бұл процестерді арнайы рафинад жасайтын құрылғы автоматты түрде жүргізеді. Сырты қапталғаннан кейін халыққа дайын күйде рафинадталған қант ұсынылады»,-деді «Batys Trade» ЖШС басшысы.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему