Маңғыстау ұстаздары жайлы жаңа кітаптар жарық көрді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 13:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау ұстаздары жайлы жаңа кітаптар жарық көрді

15 Декабря 2014 (04:33) | 5867 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында аймақтың білім беру саласының негізін қалаушы-алғашқы ұстаздар және өлкенің оқу ісінің әр кезеңдегі қайраткерлері туралы мол мәліметтер, деректер мен дәйектер жинақталған, өңірдің ағарту саласында қазіргі кезде жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы жайлы тағылымды мағұлматтар жинақталған «Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясы және қазыналы өлкенің ағарту саласының дамуына зор еңбек сіңірген майдангер-мұғалімдердің есімдерін халық жадында жаңғырту мақсатына арналған «Майдангер ұстаздар» деп аталатын екі кітаптың таныстырылымы болып өтті.

 

Шараға кітап авторлары, өлкенің ағарту саласының майталман қайраткерлері, елдің елеулі азаматтары, ұстаздар қауымы және кітапханашылар қатысты.

 

«Майдангер ұстаздар» кітабының авторлары Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Кеңесінің мүшесі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздік қызметкері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Қойлыбай Қаражанов және Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева.

 

Сонымен қатар Қойлыбай аға «Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясының жұмысшы тобының жетекшісі болса, Жанбибі Сенбайқызы редакция алқасының мүшесі болған. Екі кітаптың да редакторы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының директоры, психология ғылымдарының кандидаты Жұмағалиева Индира Таумышқызы.

 

 

Көзі қарақты оқырман қауымға жол тартқан қос тың туындыны Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының тәжірибелі кітапханашысы Биниязова Мираш Өмірзаққызы таныстыстырып, екі кітаптың мазмұнына қысқаша тоқталып өтті.

 

480 беттен тұратын «Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясы Алматы қаласында «Арыс» баспасында жарық көрген. Энциклопедия кіріспе, негізгі және қосымша болып аталатын-3 бөлімнен тұрады: оларда аймақтың білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғалар, өңірдің алғашқы ұстаздары (1920-1940 жж.), майдангер-мұғалімдер (ҰОС қатысқандар-майданнан оралғандар және соғыста хабар-ошарсыз кеткен ұстаздар), соңғы қосымша бөлімде «Қаз КСР-нің халық ағарту ісінің үздігі» атағын иеленген маңғыстаулық ұстаздар жайлы, аймақтағы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тарихы туралы, сонымен қатар Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының іс-жоспарлары және т.б. мазмұндағы мол деректер қамтылған.

 

«Майдангер ұстаздар» кітабының авторларының бірі, кезінде Маңғыстау ауданының мектептерінде 25 жылға жуық мектеп директоры болып қызмет еткен ардагер-ұстаз Қойлыбай Қаражанов ағай: «Майдангер ұстаздар» кітабы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Ұстаз есімі әрқашан ардақты есім. Сол ардақты ұстаздардың ерен еңбегі еленсе екен деген оймен осы еңбекті қолға алған болатынмын.

 

Майдангер-ұстаздар жайлы бір кітап жазсам деген ойыммен бөлісіп, өлкеміздегі білім беру саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан ғалым, филология ғылымының докторы Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаеваға хабарластым. Ол кісі менің ойымды құптап, екеуіміз бірлесіп осы еңбекті құрастыруға кірістік.

 

«Майдангер ұстаздар» кітабы 4 бөлімнен тұрады:1-ші бөлім «Өзекті өртеген отты жылдар» деп аталады, онда Маңғыстау өңірінде ҰОС-ның қиыншылықтары қалай басталды, соғыс өлкеге қандай зардаптар әкелді сол жайында баяндалады. Ал бұдан кейінгі бөлімдерде осы аймақтан майданға аттанып, соғыс аяқталған соң солдат шинелімен елге аман-сау оралып, мектептегі қызметін жалғастырған ұстаздар және соғыста хабарсыз кетіп, майданнан қайтып оралмаған маңғыстаулық мұғалімдер туралы деректер берілген.

 

 

Мен өзім де майдангер-ұстаздардың біразымен қызметтес болғанмын кезінде. Соғыс ардагерлерінің туыстарымен байланыс жасадық. Зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуге Маңғыстау облыстық мұрағатының директоры мен қызметкерлері бізге көп көмек етті»,-деп атап өтті.

 

Кітап авторы филология ғылымдарының докторы Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева:

- Майдангер-ұстаздар туралы мәліметтерді жинақтау үшін әскери комиссариатқа сұрау салдық. Бейбіт өмірде ұстаз болған бір бөлек, ал сұрапыл соғысты бастан кешіп, от пен оқтың арасынан аман оралып, елге келіп, жас ұрпақтың тәрбиесіне араласып, оларға білім берген ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Осы еңбегімізді майдангер-ұстаздарға ескерткіш болсын деген оймен жаздық. Оларды біз іздемегенде кім іздейді? Сол ардақты ұстаздардың еңбегі елеусіз қалмауы қажет деген ой бізді қатты мазалады,-деді.

 

«Майдангер ұстаздар» кітабы Алматы қаласындағы «Медиа-Пресс» баспасында басып шығарылыпты. Қос туындының жарық көруіне мұрындық болып, демеушілік жасаған Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему