Шекарашылар заңсыз өнімнің жолын кесті
26 Октября 2020 (14:03) | 2253 | Автор: Редакция
2020 жылдың 22 қазаны күні Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Бейнеу ауданы бойынша шекара басқармасының «Тажен» шекаралық бақылау бөлімі «Жүктер мен техникалық құралдарды тексеру» нарядының жеке құрамы Прерия және Идея қызметтік иттерінің көмегімен Өзбекстанстан Республикасынан бағыт алған «Мерседес Бенс» жүк көлігінен кіргізуге тыйым салынған жалпы салмағы 100 килограммды құрайтын темекі (насыбай), 20 кг күріш және 60 кг кептірілген «Жиде» өнімін тәркіледі.
Заң бұзушы аталмыш өнімдерді автокөліктің жанама бөлігінде жасырып өтпекші болған.
Шекара нарядының қырағылығы арқасында көршілес жалпы сомасы 220 мың теңгеден астам заңсыз тауардың алды алынды. Ұсталған заңсыз өнімдер уәкілетті органдарға тапсырылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему