2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

30 Сентября 2020 (13:14) | 3109 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау  кезеңінің аяқталатынын еске салады.

 

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТТАР

                           

   

 

2 000 ТЕҢГЕ                          5 000 ТЕҢГЕ                        10 000 ТЕҢГЕ

 

 

Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.

 

«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында  аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов. 

 

Жоғарыда аталған банкноталарды Маңғыстау облысы бойынша келесі мекен-жай бойынша ауыстыра аласыздар: Ақтау қ., 23 шағын аудан, 26 ғимарат.

Телефондар: 8 (7292) 701512, 701509.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему