Өрт сөндірушілер өз бастығын зейнеткерлікке шығарып салды
Курс валют в Актау
на 19/01/2021
 
418.18
422.13
 
505.25
510.66
 
5.6
5.8
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
19 Января, 17:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер өз бастығын зейнеткерлікке шығарып салды

3 Сентября 2020 (10:31) | 1639 | Автор: Нурганым Имашева

Облыстың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Амирович Мауленовты құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

 

 

2001-2005 жылдар аралығында Мауленов Е.А. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқыды. 2005 жылы Көкшетау техникалық институтын бітіргеннен кейін Маңғыстау облысындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бас маманы болып еңбек жолын бастады.

 

2006 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Маңғыстау облысы департаментінің өртке қарсы қызмет басқармасының инженері болды. 2007 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың шілдесіне дейін өртке қарсы қызмет басқармасының аға инженері, 2008 жылдың шілдесінен қыркүйекке дейін Мұнайлы аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің бас маманы.

 

2009 жылы Маңғыстау облысы ТЖД Мұнайлы ауданы ТЖ бөлімінің бастығы және 2010-2015 жылдар аралығында Маңғыстау облысы ТЖД Ақтау қаласы ТЖ басқармасының бастығы болды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Осы қиын кезеңдерде Ерлан Амирович өз ісінің маманы болды.

 

Қызмет қызметкерлерінің айтуынша, бастық қызметтің өркендеуіне, атап айтқанда, қаза тапқан батырларды еске алу монументін орнатуға үлкен үлес қосты, 2017 жылы ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама командалары арасында чемпионат ұйымдастырып, өткізді, онда Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы бірінші рет жүлделі 3-орынға ие болды.

 

2019 жылдың тамыз айында өткен чемпионаттарға қызу дайындықтан кейін Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы Атырау қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионатта 1 орынды иеленді.

 

Мұнайлы ауданының №5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына, 23 шағын аудандағы әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жергілікті бюджет есебінен Жетібай кентінің №10 өрт сөндіру бөліміне 2 жүгіру жолына өрт сөндіру оқу мұнарасы сатып алынды және орнатылды.

 

Ақтау қаласы 1-МӨСБ, Мұнайлы ауданы 5-ӨСБ, Бейнеу ауылы 6-ӨСБ, Жетібай кенті 10-ӨСБ өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарында спорт алаңдары салынды. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында 2 автокөліктік шығысқа арналған өрт сөндіру депосының және «Приморский-1» шағын ауданында судан құтқару станциясының құрылысы басталды.

 

Ерлан Амировичке әріптестері, достары мен қызметтестері атынан көптеген жақсы, жылы лебіздер айтылды.

 

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему