МАҢҒЫСТАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН АЛҒАШҚЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
13 Апреля 2020 (19:56) | 1832 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникация орталығы» хабарлайды.
Осыдан 17 күн бұрын Ақтау халықаралық әуежайында Түркиядан транзитпен ұшып келген 46 жастағы азамат коронавирус жұқтырып, жергілікті инфекциялық ауруханаға жатқызылған болатын. Тиісті ем-дом шараларын алып, толық айығып шықты. Дәрігерлер үйіне қайтарды.
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы такси Орал қаласындағы үйіне дейін жеткізеді. Сонымен қатар, онымен бірге ұшып келген 22 жолаушы да үйлеріне жіберілді.
Маңғыстау облыстық инфекциялық ауруханасының меңгерушісі, штаттан тыс бас инфекционисті Гүлбану Нұржанованың айтуынша, науқасты емдеу кезінде дәрігерлер вирусқа қарсы терапия жолдарын қолданған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген клиникалық хаттама негізге алынған. Қытайдан елімізге келген тәжірибелі мамандардың бейнеконференция арқылы берген кеңестері де ескерілген.
Айта кетейік, дәрігерлер Қ.Хасановтан жалпы үш рет сынама алды. Соңғы екеуі теріс нәтиже көрсетіп, бойында «Covid-19» вирусы анықталған жоқ. Соңғы бір аптада қызуы көтерілмеген. Өзін жақсы сезінеді. Енді, Қайрат Хасанов Орал қаласындағы үйінде 14 күндік карантинде болады.
Дәл қазір Ақтаудағы облыстық инфекциялық ауруханада коронавирус жұқтырған 4 науқас ем алуда. Бір пациенттің жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қалған үш әйелдің жағдайы қанағаттандырарлық.
Жалпы, қазіргі уақытта Маңғыстауда коронавирус індетін жұқтырған адамдар саны – 9.
Ақтау қаласында – 4
Жаңаөзенде – 2
Маңғыстау ауданында - 3
Жазылып шыққан – 1.
Сурет yandex.kz сайтынан, Видео «Қоғамдық коммуникация орталығынан»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему