Маңғыстаудағы «Covid-19» вирусын жұқтырған алғашқы науқас өзін емдеген дәрігерлерге ризашылығын білдірді
13 Апреля 2020 (19:39) | 1511 | Автор: Нурганым Имашева
Осыдан 17 күн бұрын Ақтау халықаралық әуежайында Түркиядан транзитпен ұшып келген 46 жастағы азамат коронавирус жұқтырып, жергілікті инфекциялық ауруханаға жатқызылған болатын. Тиісті ем-дом шараларын алып, толық айығып бүгін аурухадан шықты.
Қайрат Хасанов жеке шаруасымен Түркияға барған Орал өңірінің тумасы кімнен және қандай жағдайға «Covid-19»вирусын жұқтырғанынан бейхабар. Ақтау әуежайынан түсе салысымен тепловизор оның бойында қызу барын көрсеткен. Өңір дәрігерлері оны бірден ауруханаға жеткізіп, сынама алған. Нәтижесінде, сараптама оң көрсеткіш көрсетіп, науқастың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
-Расын айту керек, басында қатты ауырдым. Дірілдеп, қызуым көтерілді. Ал, қазір еш жерім ауырмайды, өзімді жақсы сезінемін. Әрі қарай өзімді күтемін. Індетті жеңу үшін қолдан келгенше күресу керек, үміт үзбеген дұрыс.
Дәрігерлерге, медбикелерге, санитарлық қызметкерлерге алғысым шексіз. Рахметімді айтамын. Медицина қызметкерлерінің жылы сөзі мен қарым-қатынасы мені жігерлендіріп, жазылып шығуыма септігін тигізді деп айта аламын, - деді емделіп шыққан алғашқы науқас.
Бұл туралы Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникация орталығы» хабарлайды.
Видео «Қоғамдық коммуникация орталығынан», Сурет ainews.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему