Маңғыстау облысында қоғамдық көліктерге әр 2 сағат сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында қоғамдық көліктерге әр 2 сағат сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

19 Марта 2020 (18:11) | 632 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Мейірманов мәлімдеді.

 

 

-Дезинфекциялауға жавель, хлор препараттары пайдаланылады. Дезинфекциялау жұмыстарын күнделікті көлік жүргізушілері мен жолсеріктер жасайтын болады. Сонымен қатар, әр маршрут бағыты бойынша тиісті мекемелермен келісімшарт жасалды.

 

Қоғамдық көлікте бекітілген талаптарға сай жауапты мекемелер кешкі рейстен шыққан соң, автобазаның ішінде тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ал жүк тасымалдарына қатысты тамақ өнімдерін, халық тұтынатын және медициналық тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүктерді және почта жөнелтілімдерін автомобиль көлігімен халықаралық екі жақты және транзиттік қатынаста тасымалдау шектелмейді,-деді басқармасы басшысының орынбасары.

 

Сонымен қатар жүргізушілер халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде:

 

1. Жүргізуші белгіленген УСҚ-да қатаң түрде жүруі, өз автокөлігінің кабинасында болуы тиіс және өз бастамасы бойынша жанар-жағар май станцияларынан, азық-түлік дүкендерінен, авто үшін арнайы жабдықталған тұрақтардан немесе автокөлік сынған жағдайда ТҚС-дан басқа қандай да бір орындарға бармауы тиіс.

2. Егер жүргізуші өзінің ЖРВИ белгілерін байқаған жағдайда, ол өз автомобилінің кабинасында қалуы, 103 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу, өзінің жағдайы, автомобильдің тұрған жері, кабинадағы адамдардың саны туралы хабарлау және жедел жәрдем көлігінің келуін күту керек.

3. Автомашинаны кедендік тазартқаннан және түсіргеннен кейін шетелдік тасымалдаушы автокөлікті тиеуге және жүкті кедендік ресімдеуді қатаң түрде тиеу және кедендік ресімдеу орнында болу шартымен жүзеге асыруға тиіс.

4. Тиеуді күту кезінде автомобиль және жүргізуші жүк автомобильдеріне арналған арнайы тұрақта болуы мүмкін.

5. Жүк тиелгеннен және кедендік ресімдегеннен кейін жүргізуші Қазақстан Республикасында болу шарттарын сақтай отырып, ол арқылы Қазақстан Республикасынан кетуі тиіс АӨҚ-ның шекарасына қатаң түрде ұстануға тиіс.

6. Шетелдік тасымалдаушының баратын жеріне бару және кері қайту жолында жүргізушінің Халықпен, сондай-ақ бақылаушы органдардың өкілдерімен байланысын барынша азайту қажет.

 

Қазақстан Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен мынадай өзгерістер енгізілді: Қазақстан аумағына 1А және 1Б санатындағы елдерден жүргізушілер, сондай-ақ 1А және 1Б санатындағы елдерде соңғы 15 тәулік болған басқа мемлекеттердің жүргізушілері Қазақстан аумағына кіруге арналған өткізу пунктіне келген кезде жүктерді өткізуге автомобиль өткізу пунктінің аумағында жүргізушіні карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып не қазақстандық тартқыштарға ауыстыра отырып, ауыстырған жағдайда жол беріледі.

 

Суреттер Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему