Сот қызметкерлері қан тапсырды
9 Марта 2020 (11:55) | 1691 | Автор: Нурганым Имашева
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады.
Қазақстан Республикасы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының 6- бабының 2-тармағына сәйкес, волонтерлік қызметтің негізгі түрлеріне қиын жағдайларға (апаттар, жазатайым оқиғалар және т.б.), душар болған адамдарға көмек көрсету қарастырылған.
Осы орайда «Волонтерлер жылында» өңірдегі барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Игі істер уақыты» бастамасы аясында қан тапсыруға бей-жай қарамай, өз үлестерін қосуда.
Аталған игі істен Маңғыстау соттарының қызметкерлері де тыс қалмай, арнайы орталыққа барып, қан тапсыруға бір ауыздан атсалысты.
- «Егер біз тапсырған қан арқылы өзгенің өмірі жалғасса, біз үшін одан асқан қуаныш жоқ дейді», -сот қызметкерлері.
-Өз кезегінде сөз алған ақ халаттылар сот қызметкерлеріне денсаулық жараса донор болудың пайдалы екенін айтып, жауапкершілігі мол жұмыста сәттілік тіледі,- деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.
Сурет баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему