Маңғыстауда 7 санитарлық-карантиндік пункт жұмыс стейді
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 05:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 7 санитарлық-карантиндік пункт жұмыс стейді

7 Марта 2020 (09:19) | 1104 | Автор: Нурганым Имашева

Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығында коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша атқарылып жатқан іс шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтті.

 

 

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша облыс аймағында оқшаулауға арналған стационарлар бекітілген. Олар:

 

1.Маңғыстау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі (60 койка);

2. Облыстық туберкулезге қарсы диспансер (провизорлық стационар) – 200 койка;

3.Жаңаөзен қалалық көп бейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі – 60 койка.

 

Коронавирус инфекциясының алдын алу және республика аймағына таралмауын қадағалау мақсатында ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы 04наурыз 2020 жылғы №12 «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфнецияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қаулысына сәйкес іс шаралар жүргізілуде.

 

Қаулыға сәйкес коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз шет мемлекеттердің тізімі категориялар бойынша анықталды.

 

Сол тізімге байланысты 1 А санатындағы Қытай Халық Республикасы, Иран және Оңтүстік Корея елдеріне соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уакыт өткен болса, жергілікті атқарушы органдар айқындаған провизорлық госпитальдарда оқшауланады.

 

1 Б санаты бойынша Гонгонг, Макао, Тайвань, Жапония, Италия елдерінен келген азаматтарды ҚР шекарасына өткен күннен бастап 14 күн бойы үйінде оқшауланады. Үйінде медицина қызметкерлерінің күнделікті қоңырау шалу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі. Үйде оқшаулауға жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады.

 

2 санаты бойынша Франция, Германия, Тайланд, Әзірбайжан елдерінен келген азаматтарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша оқшауланады. 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі.

 

- Қазақстан Республикасы бойынша бүгінгі күнге дейін короновирус инфекциясы тіркелген жоқ.

 

Облыс көлемінде шет мемлекеттерден келетін азаматтарды ҚР шекарасынан өткізу барысында арнайы санитарлық-карантиндік пункттердің бөлімшелері мамандарымен қызмет көрсетіледі, - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ануар Сағымбаев.

 

 

Облыс көлемінде 7 санитарлық карантиндік пункт жұмыс істейді. Оның ішінде 2-уі автөкөлік бекетіндегі «Темір-Баба», «Тажен», 2-уі Ақтау, Құрық теңіз порттарында, 1-уі әуежайда, 2-уі теміржолы көлігінде «Болашақ» станциясы, «Оазис»

 

Бейнеу станциясында. Барлық СКП - да келген азаматтардың барлығы тепловизормен тексеріліп қаралады.

 

Халықаралық әуежайдағы санитарлық-карантиндік пункттеріне көмекке Ақтөбе қаласынан 4 маман, Обаға қарсы күрес станциясынан және «Маңғыстау облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті» мамандары жұмылдырылды. Ішкі және сыртқы рейстерге тексерулер күшейтілді.

 

Ағымдағы жылы 5 наурыздан бастап Әзірбайжан рейстері (7 рейстің орнына 1 рейске дейін) тоқтатылды.

 

Облысқа Короновирус (2019-nCov) инфекциясына зертханалық тексеру жүргізуге тест жүйесі 02.03.2020 жылы алынып, тексеру жұмыстары Ұлттық сараптау орталығының вирусология зертханасында жүргізілуде.

 

Бүгінгі күнге (06.03.2020ж.) облыста 23 адам медициналық бақылауда (15 Иран елінің азаматтары, 8 –і Қазақстан азаматы):

 

4 науқас - «Жедел респираторлы вирусты жұқпа» диагнозымен ауруханаға жатқызылды:

3 - еуі Маңғыстау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде,

1-еуі Жаңаөзен қаласының көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.

 

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерге (провизорлық стационар) – 19 адам (6-уы Қазақстан азаматы, 13-і Иран елінің азаматтары) жатқызылып, медициналық бақылауға алынды.

 

Бұл туралы Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

 

 

Суреттер Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему