Құтқарушы қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 05:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушы қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды

5 Марта 2020 (09:44) | 967 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғимаратында Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері "Көктем-2020"республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу орнынан студенттер мен оқытушылар құрамын эвакуациялау ұйымдастырылды.

 

 

Тактикалық ой бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан ғимараттың бесінші қабатында кадрлар бөлімінің бөлмесінде өрт шықты. Бесінші қабаттың қатты түтіндеуі орын алды, өрттің көрші бөлмелерге таралуы ықтимал болды. Студенттердің, оқытушылардың және университеттің басқа да қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрды. Университет қызметкерлері өрт туралы "101" пультіне хабарлап, көшіруге кірісті. Бірнеше минуттан соң шақыру орнына Ақтау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы келді. 3-ші қабаттағы терезеден түтін шықты. Өрт сөндіру басшысы өртке "№3 шақыру"берді. Ақтау мемлекеттік университеті - бұл қазіргі уақытта бір мезгілде алты жүзден астам адам болатын халық көп жиналатын объект.

 

 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны баспалдақпен бүйірлік кіру арқылы 5 қабатта және одан әрі барлық ғимаратта адамдардың болуына барлау жүргізді. Екі адамды баспалдақпен шығарды. 5-ші қабаттағы кабинетте көмекке шақырған студент болды. 5-ші қабаттың терезесіне өрт автосатысы берілді, студенттер төменге аман-есен түсті.

 

Өрт сөндірушілер өрт-техникалық жабдықты құрып, 5-ші қабаттан жоғары және төмен қабаттарды қорғауға оқпандарды берді. Бірнеше минуттан кейін өрт жойылды.

 

 

-Аталған оқу-жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері, 15 арнайы өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 57 адамы қатысты.

 

 

Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға бағытталған практикалық іс-шаралар кешені пысықталды:

 

- хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы, жедел кезекшілікті ұйымдастыру, болжамдық және диспетчерлік қызметтердің жұмысы тексерілді;

 

- зардап шеккендерді эвакуациялау, өртті сөндіру және өзін-өзі құтқару, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету, вахтаға орналастыру.

 

 

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қала қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға бағытталған,- деп мәлімдейді Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему