Қазақстан паралимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізді
24 Октября 2014 (16:29) | 1793 | Автор: Redactor
Биыл Инчхонда өткен паралимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өтті. Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бұрын соңды болып көрмеген нәтижеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Азия паралимпиада ойындарында қазақстан командасы 24 медаль алып, жалпы командалық есепте он бірінші орынға тұрақтады. Онда қазақстандық спортшылар алты алтын, алты күміс және он бір қола медаль алды.
Медальдардың көбін суда жүзушілер жеңіп алған. Олардың иелігінде 20 медаль бар. Атап айтқанда, Зүлфия Ғабидуллина, Дмитрий Ли суда жүзуден жеңімпаз атанып, ал Әнуар Ахметов биік тұғырға үш мәрте қатарынан көтерілген. Одан бөлек екі алтын медальді қоржынымызға эстафеташылар салды.
Бұл ойында үздік нәтиже көрсетіп, қарсылас командалардан қара үзіп шыққан қытай құрамасы жалпы саны 317 медальмен (оның ішінде 174 алтын) бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Корей құрамасына бұйырған, ал жапондықтар үшінші орыннан көрінді. Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық команда биылғы Азия ойындарынан кемінде 20 медаль жеңіп алуды жоспарлап отырғаны жазылған болатын. Бұл жолғы паралимпиада ойындарына Қазақстаннан барлығы 84 спортшы қатысып, спорттың тоғыз түрі бойынша сайысқа түскен. Біздің спортшылар садақ ату, жеңіл атлетика, нысанаға ату, үстел теннисі, суда жүзу, волейболды отырып ойнау, дзюдо, пауэрлифтинг және арбада отырып билеу бойынша сынға түсті.
Атап өтейік, Азия паралимпиада ойындары Кореяның Инчхон қаласында қазанның 18-і мен 24-і аралығында өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему