АИТВ-инфекциясына тестілеу нәтижесі «оң» болуын пациенттің дұрыс қабылдай білу негіздері
Курс валют в Актау
на 17/04/2021
 
428.75
432.42
 
512.85
517.8
 
5.58
5.73
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
17 Апреля, 21:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АИТВ-инфекциясына тестілеу нәтижесі «оң» болуын пациенттің дұрыс қабылдай білу негіздері

26 Февраля 2020 (09:53) | 832 | Автор: Нурганым Имашева

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиолог діәрігері Т.Үргенішбаеваның мәлімдеуінше, «Егерде АИТВ-инфекциясына тестілеу жүргізілген кезде нәтижесі «оң» болса, бірден күйзеліске түсудің қажеті жоқ. АИТВ-инфекциясы-бұл өлім жазасы емес, тек қана созылмалы ауру. Мысалы, қант дибеті,бронхиалды астма және т.б. созылмалы аурулармен ауыратын адамдарда жарқын өмір сүруде.Медициналық қызметкер сізге «оң»нәтиже анықталғандығын қарапайым жәй ғана ешқандай моральдық дайындаусыз жеткізеді, бұл сіздің одан әрі оқу қып, сүйікті ісіңізбен айналысуыңызға, жақындарыңызбен және достарыңызбен кездесуіңізге, өмірге қызығып, қуануыңызға тіпті ғашық болуыңызға да кедергі еместігін көрсетеді».

 

 

- АИТВ-инфекциясына тестілеу жүргізілген кезде нәтижесі «оң» анықталғандығы, сіз айналаңыздың барлығы енді өзгереді деген емес. Барлығы адамның өз қалауында. Егер сіздің статусыңыз «АИТВ оң нәтижелі» болса келесідей қадам жасаңыз:

 

-Тестілеуден кейін «АИТВ оң нәтижелі» болса , қайтадан өз қалаңызда орналасқан ЖИТС орталығының лабораториясына қайтадан қан анализін тапсырыңыз. – Қайта тапсырған қан анализі тағы да «оң» нәтиже көрсетсе, осы орталықтағы арнайы мамандандырылған дәрігерге қаралып, жеке өзіңізге арнайы жасалатын комплексті терапия мен кезекті қаралу және тексерілу графигін алыңыз.

 

- Емделудегі ең басты және негізгі қадам –ол сізді барлық күшімен жұқпалы аурудың асқынуын алдын алуға және вирустың дамуын тежеу үшін ықпал жасаушы , емдеуші дәрігеріңіз дің нұсқауларын толық орындау.

 

- Келесі негізгі денсаулықты сақтаудағы қадамның бірі ол- барлық зиянды қылықтарыңызбен қоштасу, яғни темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық,т.б себебі мұның барлығы әлсіреген иммунитетіңізге кері әсерін тигізеді.

 

- Өзіңізге туыстар, достар және әлеуметтік ұйым қызметкерлері арасынан қолдау білдіретін эмоциональдық тұрғыда түсінетін жақындарыңызды анықтау,-дейді Тұрған Бағыбайқызы.

 

Дәрігер эпидемиолог Үргенішбаеваның айтуынша, «ДТестілеуден кейін «АИТВинфекциясы - оң нәтижелі» анықталуы барлық жауапкершілікті өз қолыңызға тапсырады. Сонымен қатар қоршаған ортамен басқа да адамдардың денсаулығын қорғауда жауапты екніңізді ұмытпау керек. Яғни жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдану, жеке бас гигиенлық құралдарын өзгелермен бөліспеу, донор болмау.

 

 

Қалған жағдайда АИТВ инфекциясымен өмір сүру сапалылығы мен ұзақтығы вируссыз өмір сүрушілерден еш айырмашылығы жоқ. АИТВ инфекциясымен өмір сүруші адамдар тиісті емді уақтылы қабылдап жүрсе өмір сүру құқықтары мен мүмкіндіктері басқа адамдармен бірдей, яғни олар да отбасын құрып, өмірге сәби әкеліп, оларды тәрбиелеп, толыққанды ұзақ өмір сүре алады».

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық мамандарының мәліметінше, «2020 жылдың қаңтар айында Маңғыстауоблысында АИТВ инфекциясымен 2 адам тіркелген, оның ішінде 1-уі шетел азаматы. Өткен 2019 жылдың осы мерзімінде АИТВ инфекциясымен 5 адам тіркелген болса, (оның ішінде 1-уі шетел азаматы), биылғы жылы АИТВ инфекциясымен тіркелгендер саны 3 - ке азайғаны байқалады.

 

АИТВ инфекциясымен тіркелгендер Ақтау қаласының тұрғындары, олар 33 жастағы ер азаматтар арасынан анықталған. Ауру жыныстық жолмен берілгені белгілі болды.

 

Облыстағы АИТВ инфекциясымен тіркелгендердің барлық саны -368 болса, оның ішінде -279-ы ҚР азаматтары, 87-сі шетел азаматтары, 2-уі азаматтығы анықталмағандар».

 

Суреттер uralskcity.kz, vko-zozh.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему