«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...»
21 Февраля 2020 (10:13) | 4122 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Кадр саясаты басқармасының бастамасымен «Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күніне» орай салтанатты жиын өтті.
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...» тақырыбында ұйымдастырылған шараның мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру, Ауған соғысы туралы толық мағлұмат алу, ардагерлерге құрмет көрсету және олардың ерлігін үлгі тұту болды.
Салтанатты жиынға Ауған соғысының ардагерлері: Мангубаев Махсот Николаевич, Унаев Шакир Нукатович, Скляров Александр Анатольевич, Базарбаев Нұрлан Таңатарұлы, Онаев Бауыржан Игсатұлы, Сатов Мұратбай Кемалидинұлы, Айдынбаев Бердіхан Кәрімханұлы мен ішкі істер органдарының ардагерлері шақырылды.
Олар алдымен Департамент музейін аралап, ішкі істер органдарының тарихымен танысты. Аталмыш шараның маңызының жоғары екенін Кадр саясаты басқармасының бастығы Қ.Бахтыгереев атап көрсетті.
-Биылғы жылы Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толады. Ауған соғысында 22 000-нан астам қазақстандық өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.
Интернационалист-жауынгерлер қанды шайқастарға қатысып, әскери анттарына сай екендіктерін көрсетті. Отан алдындағы борыштарын адал атқарған біздің жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды, Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жанкешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай, -деп аяқтады сөзін Кадр басшысы.
Ауған соғысына қатысқан ардагер аға Мангубаев Махсот Николаевич ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіреніспен әңгімелеп берді. Ауған соғысы туралы қысқаша мәлімет беретін деректі фильмді көріп, полиция қызметкерлері тарихтан хабардар болды.
Іс-шараның соңында Ауған соғысына қатысушылар құрметіне арналған Департамент қызметкері Т.Азизаевтың орындауында шырқалған «Қариялар», «Жасай бер, елім» әндеріне ардагер-ағалар ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында, Ауған соғысы ардагерлері ұрыста жасаған ерліктері жайлы әңгімелеп, көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.
Шараның соңы Ауған соғысының ардагерлеріне арнап ұйымдастырылған спорттық шараларға жалғасты.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему