Маңғыстау – ҚР туристендіру картасының үздік ондығына енді
Курс валют в Актау
на 20/02/2020
 
375.84
379.23
 
406.05
410.24
 
5.82
6
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
20 Февраля, 05:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау – ҚР туристендіру картасының үздік ондығына енді

13 Февраля 2020 (13:12) | 522 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары аймақ ретінде танылып, ҚР туристендіру картасының үздік ондығына енді. Бұл жөнінде өңір басшысы Серікбай Трұмов облыс тұрғындары алдында берген есебінде айтты.

 

 

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізінің жағалауында теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілді. 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауыныңинфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 

«Нұр-Капитал» мемлекеттік бағдарламасының 30 млн. теңге көлеміндегі қолдауы және кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 2019 жылдың көктемінде     Шетпе селосында «Сәтті» кемпинг кешені ашылды. Инвестиция көлемі – 160 млн. теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.

 

-Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд. теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд. теңгені құрап, 104,3%-ға өсті,- деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

 

 

Суреттерқоғамдық коммуникация орталығынан және сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему