Түпқараған ауданының ТЖ бөлімі тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертуде
17 Января 2020 (14:34) | 2018 | Автор: Нурганым Имашева
Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Форт-Шевченко қаласының әкімшілігімен, «РЦКУ-Актау» ЖШС және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлесе ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Форт-Шевченко қаласының көппәтерлі тұрғын үйлері арасында қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ қондырғылары мен пештерін қолдану барысында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мамандар бұл шараларды жылыту маусымы аяқталғанға дейін жүргізуді жоспарлап отыр.
-Тұрғындарға газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, үй жылыту пештерін қолдану ережелері және қолөнершілердің шығарған пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы үй-үйлерге кіріп нұсқаулық беру арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып жатыр.
Өрт қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарының мақсаты – халық, жұртшылық арасында өрт қауіпсіздігі ережесінің тұрмыстық, күнде қолданыстағы қарапайым талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, өрттің алдын алу, болдырмау, адам өліміне мен жарақатына жол бермеу және улы газбен улану жағдайын болдырмау болып табылады,-деп хабарлайды Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Суреттерді түсірген Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему