Жастар керуені – Құрық кентіне келіп жетті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 07:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар керуені – Құрық кентіне келіп жетті

4 Ноября 2017 (13:06) | 1965 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласынан керуеннің эстафетасын қабылдап алған Қарақия ауданында бүгін 3 қарашада «Рухани жаңғыру-Жастар керуенінің» көші өз жұмысын жалғастырды. Аймақтың аудан-қалаларын аралай жылжыған керуен түске дейін Жетібай кентінде аялдап, түстен кейін Қарақия ауданынның орталығы Құрық кентіне келіп жетті.

 

 

Алдымен осындағы кәсіптік - техникалық колледжге ат басын тіреген облыстық делегация мүшелеріне қызмет көрсету және жұмысшы мамандықтарына оқытатын оқу ордасының заманауи үлгідегі оқу кабинеттері мен шеберханаларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

 

Одан соң жергілікті мәдениет үйінде жастармен басқосу өтті. Ауыл жастарымен еркін форматта әңгімелесу, ақпарат ұсынуға құрылған басқосуды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев жүргізді.

 

Жиын басында сөз алған Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов «Жастар керуенінің» өңір жастары үшін ұсынар мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

 

 

 Еркін форматта ашық-жарқын әңгімелесу түрінде ұйымдастырылған кездесуге «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов,  «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері  Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қарақия ауданы бойынша директоры Көшенов Қилымғали және «Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз, ҚР мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы Басқармасының бас маманы Оспанова Ханшайым қатысты.

 

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. Спикерлер өзі қызмет ететін жүйе бойынша мемлекет тарапынан жастар үшін берілген мүмкіндіктерді және мемлекеттік бағдарламалар туралы, атап айтқанда жастарды жұмыспен қамту, біліктіліктерін арттыру, кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері, жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірілді.

 

 

«Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз жастарды экстремизм мен терроризмді насихаттайтын жат діни ағымдардың ықпалына түсіп, адасудан сақтандырды.

 

ҚР мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы Басқармасының бас маманы Ханшайым Оспанова жастарды мемлекеттік қызметке шақырды. Еліміздің дамып, өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосудың маңызына тоқталды.

 

Ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов замандастарын салуатты өмір салтын ұстанып, спортты жандарына серік етуге шақырды. Ұлттық намысты бәрінен жоғары қойып, күш-жігерін төбелеске емес, шаршы алаңда өнер көрсетуге жұмсау қажет дегенді алға тартты.

 

Өзге спикерлер де жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы әңгімеледі. Жиын соңында  «Рухани жаңғыру-Жастар керуенінің» эстафетасын Қарақия ауданының өкілдері Түпқараған ауданына ұсынды.

 

Шара аяқталған соң мәдениет үйінің фойесінде  аудан тұрғындарының  қолымен даярланған қолөнер бұйымдары, әшекейлер мен киізден, қаракөл терісінен тігілген киімдер т.б. көрмесі және мамандардың кеңесі ұйымдастырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему