Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты
Курс валют в Актау
на 22/04/2021
 
428.48
432.19
 
512.34
517.2
 
5.59
5.73
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
22 Апреля, 00:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты

9 Ноября 2019 (13:58) | 2711 | Автор: Нурганым Имашева

Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты. Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті және ауданның қазіргі тынысымен таныстырды.

 

 

«Экономикалық белсенді тұрғындар саны 27882 адам, аудан халқының 26687-і жұмыспен қамтылған, 1195-і жұмыссыз. Жыл басынан бері ауданға 299 адамы бар 63 отбасы көшіп келді. Олардың 34-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 27-і ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды», - деді аудан әкімі. Барлық көздерді қоса есептегенде әлеуметтік қорғау ісіне 4,9 млрд. теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 812 млн. теңгеге немесе 24,7% көп. Бұл қаржының 4,5 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен, 402 млн. теңгесі аудандық бюджеттен берілген. «Жаңадан 2715 жұмыс орны ашылды, оның 69,4% немесе 1885-і тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 1048 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының 934 баласы тегін тамақтандырылады», - деді әкім.

 

Білім беру саласына 7,4 млрд.теңге бөлінген. Бір оқушыға шаққанда 414 мың теңгеден. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды дайындықпен қамту көрсеткіші 98,1% жеткен. Опорный орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларға құны 2 475 мың теңге құрайтын сенсорлық кабинет жабдықталған.

 

Өндіріс, кәсіпкерлік, инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелер бар. Биылғы жылы 390,7 мың тонна мұнай мен 910,4 млн. текше метр газ өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай 2,5 мың тоннаға (99,3%), газ 77,2 млн. текше метрге (92,1%) кеміп отыр. «Астық терминалы Өзбекстанға 272 тонна ұн экспорттап, 4664 тонна ұн, 2057 тонна жем өндірді. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,8 млрд. теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестиция 22,9 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 89,0% болса, инвестиция көлемі 100,6% құрады», - деді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.

 

«Шағырлы-Шөмішті» кен орнында 651,2 млн. текше метр газ өндірілген. Бұл ауданда өндірілген газдың 79,7 құрайды. Қазір онда 247 адам еңбек етеді, оның 46,5% немесе 115-і аудан тұрғындары.

 

Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес 2019 жылдың қаңтар-мамырында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 3769,0 млн.теңгені (83,3%) құрады. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауданың нақты көлем индексі 9873,1 млн.теңгені құрады (105,5%).

 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан 60,7 млн.теңге көлемінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде: 49,4 млн.теңгеге 2 жоба субсидияланды (10 жұмыс орны) 11,3 млн.теңгеге 2 жоба кепілдендірілді (11 жұмыс орны). Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларға «IT мектеп» ашуға 1,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша барлығы 11 кәсіпкер 137,3 млн. теңге көлемінде несие алды. 60 жұмыс орны құрылады. (2018 жылы 5 несие, 73,0 млн.тг, 25 жұмыс орны. 2019 жылы 6 несие, 64,3 млн.тг, 35 жұмыс орны).

 

Шағын несиелендіру бойынша барлығы 74 несие, 343,1 млн.теңге, 82 жаңа жұмыс орны ашылған. Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан, құны 19,8 млрд. теңге болатын «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының 80 км асфальттанып, құрылысқа 353 техника мен 659 адам жұмылдырылды. Жергілікті бюджет есебінен Бейнеу ауылында 10 көшеге 441,9 млн теңгеге ауылішілік газ құбырын тарту жұмыстары басталды.

 

Фотоны өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему