Тарифтер жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы
Курс валют в Актау
на 20/11/2019
 
385.7
389.15
 
426.81
431.07
 
5.98
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 16:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарифтер жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы

8 Ноября 2019 (11:25) | 994 | Автор: Редакция

Коммуналдық қызмет тарифтері бүгінде ең  көп талқыланатын маңызды мәселелердің бірі болуда.

 

 

Осыған байланысты, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен коммуналдық кәсіпорындар ұсынатын тарифтердің негізділігін талқылау, оларды бекіту, ұсыныстар әзірлеу және тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, өңірлік коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері және қоғам белсенділері кірді. 

 

5 қарашада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де облыс әкімінің кеңесшісі Бекмұрат Жүсіповтың төрағалығымен жылу энергиясы мен су өндіру тарифтерін өзгерту мәселелері бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 

 

Жиналғандарға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 2020-2024 жылдарға арналған жылу энергиясы мен су өндіру қызметтері тарифінің жобасы ұсынылды.

 

Қатысушылар электр және жылу энергиясын өндіруге арналған шығындар, тариф сметасынан БН-350 РҚ арналған шығындарды шығару және коммуналдық өнімнің өзіндік құнын төмендетудің басқа да жолдары бойынша мәселелерді талқылады.

 

Отырыс қорытындысы бойынша 12 қарашада Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшыларының қатысуымен топ мүшелерінің екінші кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін энергокомбинаттың өкілдері бірінші отырыс барысында айтылған мүдделі тараптардың барлық сұрақтарына жауап беруі қажет. 

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter